Балаларынан безген безбүйрек ана!

00110.MTS .Still007

Қызылорда облысы Шаған ауылында 31 жастағы келіншек кәмелетке толмаған бес бірдей баласын тастап кеткен. Көкек ана мұнымен шектелмей мүгедек ұлының жәрдемақысы түсетін банк карточкасын қалтасына басып алыпты. 

00110.MTS .Still001

Қайсар Балмановтың күнделікті күні осылайша басталады. Он жастағы ұлы Мұхаммедәлі туа бітті сал ауруына шалдыққан. Арнайы күтім қажет болған соң әкесі жұмысын да тастауға мәжбүр болған. І-топ мүгедектігіне берілетін жәрдемақыны осы уақытқа дейін жұбайы алып келген екен. Балаларға тамақ алудың орынына келіншегі ақшаны ішімдікке жұмсаса керек.

00110.MTS .Still002

– Арақты 2-3 стакандап ішетін болды,кейіннен салынды тіпті. Қай жерге барса да ішіп алады. Содан ақыр соңы осындай жағдайға келді ғой. Үйден біржолата кетті ішіп-жеп. Өзі кетсе-кетсін енді, ол енді қайтадан  адам болады деп ойламаймын. Бірақ мына балалардың ақшасын пособиясын берсе болады ғой.-дейді ҚАЙСАР БАЛМАНОВ, КӨП БАЛАЛЫ ӘКЕ.

00110.MTS .Still004

Балаларына үш мезгіл тамақ тауып бере алмағандығы Қайсар Балмановты қатты қынжылтады. Жалғыз басты әкеге ағайын-туыстары, көрші көлемі ауыл болып көмектеседі екен. Балмановтардың отбасы тұрып жатқан екі бөлмелі үйдің жағдайы мәз емес. Жылу көзі екі бөлмеге бір темір пеш.  Білім бөліміндегілер болса жақын арада балалардың анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесін май шаммен қарамақ.

00110.MTS .Still005

– Қазіргі таңда мен аудандық білім бөліміне ұсыныс тастадым. Аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын комиссияға қарау жөнінде. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта комиссияда қаралып, ата-ана жауапкершілігі туралы қаралатын болады Мұсағалиева Айнұрға байланысты.  Яғни анасының құқығынан айыруға. – дейді ҒАЛИЯ ЖАНАБАЕВА, ШАҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ №37 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

00110.MTS .Still008

Қайсар Балманов балалы үшін бірнеше мәрте жұбайына қоңырау шалып, тіптен Қызылорда қаласына барып іздеп көрген. Алайда еш нәтижесіз.  Аналарының енді үйге келмейтінің ұл-қыздары да сезінетін секілді.

00110.MTS .Still009

– Мамамды көрмегеніме көп болды, 2-3 ай болды. Маманы сағынған жоқпын, өйткені ол бізді тастап  кетіп қалды. -дейді САНЖАР ҚАЙСАРҰЛЫ, ҚАЙСАР БАЛМАНОВТЫҢ ҰЛЫ

00110.MTS .Still010

Қайсар Балманов ұл-қыздарының анасы қайтып келсе де ендігіде үйге кіргізбеймін деп бел буып отыр. Отағасының әзірге бар уайымы ұрпағын күнделікті азықпен қаматамасыз ету. Жалғыз басты әке құзырлы органдар мүгедек баласына берілетін жәрдемақыны алып беруге көмек берсе жағдайымыз басқаша болар еді деп үміттенуде.

Қайсар Балмановтың отбасына көмек беремін деген жомарт жандар болса 8-705-370-42-65 номеріне хабарласса болады.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x