Балалар еденде жатыр

00354.MTS .Still005

Қызылорда қаласының жеке оқу орталықтарының бірінде шу шықты. Әлеуметтік желілерге білім ордасының ішінде кішкентай бүлдіршіндер түскі мезгілде еденде жатқандары жарияланған болатын. Бұл осы орталыққа балаларын жіберіп отырған ата-аналардың ашу-ызасын тудырды. Айтуларынша бұдан бөлек те оқу орталығында былықтары көп екен. Санитарлық талаптар сақталмай, бүлдіршіндерге түскі ас даладағы қазанда жасалады дейді олар.

00354.MTS .Still001

Мына суреттен мектеп жасына дейінгі балалардың еденде жатқанын байқауға болады. Мұны орталықта жұмыс істейтін бір қызметкерлер ата-аналардың чатына жіберіпті. Сұмдықты өз көзімен көрген олар дер кезінде білім ордасына келіп, басшылықтан  жауап сұрады.

00354.MTS .Still002

– Баламыздың білімі үшін деп беріп отырмыз , 20-27 мың перевозкасымен бірге төлеп отырмыз. Сондағы бізге қайтарып отырған ответы осы. Баламыз мұздай еденде ұйықтап жатыр. Ол не сұмдық? Баланың өкпесі ауырады. Лас жерден тамақ ішіп отыр,инфекция түседі ғой балаға- дейді ТОҚТАР ӘБДІБЕКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

00354.MTS .Still006

Жеке орталыққа келген ата-аналар сыртта қара қазанда тамақ тұрғанын көріп одан сайын ашуға булықты. Санитарлық талаптар сақталып, түскі ас іште  жасалуы керек деген оларға орталықтың құрылтайшысы бұл мұғалімдердің тамағы деп ақталды. Мередиан жеке оқу орталығының басшысы Айнұр Айтуғанқызы әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбаны қолдан жасалған дүние дейді. Іште жұмыс істейтін бір қызметкері бейнежазбаны жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалапты.

00354.MTS .Still003

– Оның барлығы әрине өтірік. Өзі ұйықтатты, негізі балалар жатпайды бізде. Енді бұл бойынша біз прокуратураға арыз шағым тастадық және міндетті түрде сотқа жүгінеміз. Өйткені бұл жерде ең бірінші біздің абыройымыз, іштегі жұмысшылардың абыройы- дейді АЙНҰР АЙТУҒАНҚЫЗЫ, МЕРЕДИАН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

00354.MTS .Still004

Абыройын ойлаған басшы сонымен қатар СЭС-ке арыз жазғанын айтты. Қызылорда облысында білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы балалардың құқығын қорғау мониторинг тобы болса зерделеу жұмыстарын бастап кетті. Расында бұл жерде кімдікі дұрыс кімдікі бұрыс екенін алдағы уақытта  құзырлы органдар шешпек.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x