Балабақшадағы былық!

S3870002.MP4.Still006

Басқа да жаңалықтарды оқи отырыңыз.

Қызылорда облысы Тереңөзек кентінде тәрбиешілер маңдай термен тапқан еңбекақыларына қол жеткізе алмай жүр. Айтуларынша, жеке балабақшаның құрылтайшысы барлық қызметкерлердің банк карточкаларын қалтасына басыпты. Сол арқылы басшы айлықтың тең жартысын өзіне алып отырған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

S3870001.MP4.Still003

Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде білім ұясында екі топта 50 бала бар. Бүлдіршіндерге нық қадам басуды үйретіп, нәпақа тауып отырған тәрбиешілер еңбегімізге сай ақша төленбейді дегенді айтады. Бір жылдан аса уақыттан бері олар өздерінің банк карточкаларын көрмепті. Себебі балабақша құрылтайшысы барлығын алып қойыпты.

S3870002.MP4.Still002

– Айлық 300-дің үстінде түседі соның 100 мыңын ғана береді. Банкоматым апайда осы күнге дейін.-  дейді ГАУХАР АСЫЛБЕК, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ.

S3870002.MP4.Still003

– Августің 1-нен бастап менде отпускі. Отпускной 700 мың теңге түсті. Бірақ маған бергені 300 мың. 100 мың айлығым, 200 мың теңге отпускной. Бір жарым ставка айлығымыз бар, 230 мың теңге түседі, 135 мыңды қалтасына салады да 100 мыңды бізге айлық ретінде береді. – дейді ГҮЛЖАУХАР ҚҰРМАНАЕВА, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ.

Ал, бала-бақша әкімшілігі болса мұнын барлығын жоққа шығарып отыр.

S3870002.MP4.Still005

– Тәрбиешілердің барлық карточкалары өзінде. Қайсысы шағымдалсада. Бухгалтер қай суммада белгілеп шығарды, стажы бар категориясы бар соған қарай белгілеген сомасында ақшаларын алып отыр. – дейді ЭЛЬВИРА ЗБАЙРОВА, ЖЕКЕ БАЛА-БАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ.

S3870001.MP4.Still004

Тәрбиешілер іште басқа да қулық бар дейді. Үкіметтен берілетін ақшаны алу үшін қызметкерлер бала санын асыра сілтеп, есеп береді екен.

S3870002.MP4.Still001

– Кәдімгідей іште отырып, өтірік суретке түсіріп жібере беретінбіз. Ал қазір баланың өзін істетіп қойған. Өзі камераға түсу керек. Сонымен қаншама бала жоқ бізде, басқа жақтан алып келеміз, ана жақтан мына жақтан алып келеміз. Сосын анау Қызылорда қаласынан, Алматыдан бар бізде тіркеліп тұрған. Сол балаларды біз суретке түсіреміз да, сөйтін «Қазына Фейске» белгілеп отырғанбыз. – дейді БАЯН СҮЙІНДІКОВА, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ ЭКС-ҚЫЗМЕТКЕРІ.

S3870001.MP4.Still002

Сырдария аудандық білім бөлімі болса бала-бақшадағы жағдайдан бейхабар болып шықты. Балалар санына қатысты өз түсініктерін берді.

S3870002.MP4.Still004

– Бізде ай сайын мониторинг болады. Енді шілде айында біз барлығымыз отпускіде болдық. Соңғы мониторингіміз маусым айында болды. Сол кезде 5 бала болған жоқ, 45 бала отырды. – дейді ЖАНАТ ОРЫНБАЕВА, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ.

Тәрибешілер болса құрылтайшы қолды болған ақшаны қайтарып берсін дейді. Болмаған жағдайда құзырлы органдарға заңға қайшы әрекеттердің барлығы жайында арыз жазбақшы.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі
8 months ago

Сюжетте көрсетілген «Қарлығаш» жеке балабақшасы бойынша төмендегіні хабарлайды.
Балабақша қызметкерлері құрылтайшының еңбек жалақасының картасын өзіне алып, айлықты толық бермеу жөнінде бүгінгі күнге дейін білім бөліміне және басқада құзырлы органдарға арыз-шағымдар түсірмеген. Аталған мәселені анықтау үшін білім бөлімі тарапынан құзырлы органдарға арнайы хат жолданып, нақтыланатын болады.
Білім бөлімі тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп, балалардың нақты қатысуы есепке алынады.
Балабақша тәрбиеленушілеріне білім бөлімі арқылы жолдамалар берілген және балабақшада басқа қалаларда тұратын балалар тіркелмеген.
Бүгінгі күні балабақшада тәрбие мен оқыту процесі қалыпты жүргізілуде.

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x