Бала туған жазығым ба?

Қызылорда  облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Сафура Жоламанова жарты жылдан бері әділдік іздеп келеді. Бала күтімімен демалысқа шыққан келіншек жұмысқа қайта қосылмақ болғанда далада қалдым дейді. Мектеп жанындағы шағын орталық жабылған соң барлық ұжымды Жалағаш аудандық білім бөліміндегілер жұмыспен қамтыған көрінеді. Тек Сафура Жоламановаға басшылық “сізге жұмыс жоқ деп” есікке сілтепті.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш а
Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш а
1 year ago

Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі»КММ-сінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы №26-нқ бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің «№122 орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Еркетай» шағын орталығы қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес таратылып, жұмыскерлермен еңбек шарты тоқтатылып, заңдылыққа сәйкес өтемақы төлемі жүргізілді.

Қазіргі уақытта С.Жоламанова 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек Кодексінің 99-бабының 1-тармағы, 3-тармақшасына сәйкес 26.06.2021 жылдан бастап 26.02.2024 жыл аралығында ақысыз бала күтіміндегі демалыста болуына байланысты мектептің есебінде тұр.

    Сафура 2012жылы Қызылорда қаласындағы «Өркениет» медициналық колледжінің «Жалпы тәжірибелік фельдшер» мамандығы бойынша бітірген.2018жылы №122 орта мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығына медбике болып жұмысқа қабылданған.

   Қазіргі таңда мектепте медбике штатының болмауына байланысты Сафураны жұмысқа орналастыру мүмкін болмағанымен, алдағы уақытта жұмысқа орналастыру білім бөлімнің бақылауында болады.

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x