Азық-түлікті ысырап қылған корпорация басшысы қызметінен босатылды

1111

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте азық-түлік ысырабына жол берген корпорацияның жұмысына тиісті баға берілді, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

26 мамыр күні әлеуметтік желіде қоқыс полигонына төгілген жарамсыз көкөніс қалдықтары туралы бейнежазба тараған болатын. «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы қалдықтар 25 мамыр күні жойылғанын растаған еді. Өз іс-әрекеттерін олар «азық-түлік сақталғанда өз салмағын жоғалтады, ол табиғи өзін-өзі жоғалту деп есептеледі» деп түсіндірді. Аймақ басшысы бұл корпорация басшысының қателігі екенін, ысыраптың алдын алуға болатынын айтты.

WhatsApp Image 2023 05 29 at 19.49.18

«Самат Нұрахметұлы, шынында, бұл әрекет тұрғындардың ашу-ызасын туғызды. Мәселенің бұрыннан бар екенін біле тұра, мамандарыңызбен бірге қоймадағы өнімдерді басқа мақсатқа пайдалану жолдарын қарастыру керек еді. Бұл жұмыс та жасалмаған. 126 тонна өнім жарамсыз болғанша шірігенін күтіп, оны пайдаға асырудың балама жолдарын іздемегенсіздер. Бұл сіздің басшы ретінде жұмысты тиісті деңгейде үйлестіре алмағандығыңызды көрсетеді. Елге жанашырлық таныта алмайтын адамдарға біздің арамызда орын жоқ», – деді ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Screenshot 6

Осы жағдайдан кейін «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Самат Ерниязов қызметінен босатылып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Screenshot 5

Аталған оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, мән-жайы мұқият тексерілмек. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін тиісті ұсыныстар әзірленеді.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x