Ауылға барған медицина қызметкерлеріне 9 млн-ға жуық ақша төленеді

1 2 scaled

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Оған сәйкес ауылға жұмысқа келген жас мамандарға бір мезетте 100 ең төменгі жалақы төлеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Биылғы жылы ол сома 8 500 000 теңгені құрап отыр. Ең төменгі жалақы мөлшері өсуімен төлем мөлшері де өседі. Депуттартар өңірлерге сапар барысында ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін байқаған болатын. Кадр тапшылығын шешуде ел қалаулылары мұндай бір реттік жәрдем ақы жас мамандар үшін көп көмегін тигізеді дейді.

image

– Ауылға барған медицина қызметінің жас маманы бір дегенде 100 ең төменгі жалақы шеңберінде көтерме ақы алатын болады. Бұл өте маңызды! Қазіргі уақытта бар «дипломмен ауылға», басқа да көтерме ақылары бар оны ешкім алып тастаған жоқ. Сол бар көтерме ақының үстіне біз тағы да бір жаңа көтерме ақыны медицина саласындағы жас мамандарды қолдау үшін, ауылдағы медицинаны дамыту үшін, проблеманы шешу үшін беріп отырмыз. – деді АСХАТ АЙМАҒАНБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x