Ақша жинаудан шаршаған ұстаздар!

Ақша жинаудан шаршаған ұстаздар

Қызылорда облысында мұғалімдер жазғы демалыстың орнына құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып жүр. Жаңақорған кентіндегі №110 мектебінде ұстаздар мен мектеп директорының орынбасары арасында дау шықты. Мұғалімдер білім ордасында шикілік көп дегенді айтады.  Олар еңбек ақыларын толық алу үшін басшыларға сыйлық жасауды әдетке айналған көрінеді. Онсыз қара тізімге ілініп, жұмыс істеу қиын қияметке айналса керек, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық Агенттігі.

S3640001.MP4.Still002

Аудан орталығындағы №110 мектепте 200-ден астам ұстаз бар. Айтуларынша білім ордасының оқу ісі жөніндегі орынбасары бірнеше жылдан бері қарапайым мұғалімдерді қанап келеді екен. Оқушылардың көзінше апайларын сөгу басшы үшін күнделікті зат көрінеді.

S3640001.MP4.Still004

– Жүктілігіме байланысты декретныйыма қол қоймай қойды. Сол кісінің кесірінен екі күнге кешіктім. Маған айтпаған сөзі қалмады. Кәдімгідей жерден алып, жерге салып. Былайынша айтқанда күйеуімізден өйтіп қорықпаймыз, осы мектепке кіріп жатқанымызда шындығы керек кәлимамызды айтып кіреміз. Қорқамын, қатты қорқамын. Қасымдағы мұғалімдерден сағаты 20 мыңнан алады екен. Үш сағат алатын болса 60 мың береді. Ондайлар бар.– дейді НҰРЗАДА МАТИШЕВА, №110 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ

S3640001.MP4.Still005

– Бас аяғы жоқ айқайлай береді. Білмеймін, түсіндіруге мұрша бермейді. Апай десем жоқ деп шығады. Келеді да есігін ашық тұрса жауып кетеді, жабық тұрса ашып кетеді. Келеді да бас салып айқайлайды. Ол неге не үшін айқайлап жатқанын түсінбейсін. Ешқандай оқушылардың көзінше статусымыз жоқ. – дейді ГҮЛЗАТ БАЙҚОНОВА, №110 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ

S3640001.MP4.Still003

Ал география бірлестігінің ұстаздары болса тіптен мектепке ақша қарыз болып қалдық дейді. Дәптер тексергені үшін жалақыға қосылған қосымша қаражатты мектеп әкімшілігі қайтарсын деп талап етіп қысым көрсетіпті.

S3640001.MP4.Still009

– Осы тетрадьтың ақшасын біз қайтаруымыз керек, осындай бап бойынша бізге төленбейді екен ол ақша. Мен қателікпен жазып қойыппын, енді сол ақшаны біз қайтаруымыз керек дейді. Маған қолма-қол немесе голдқа аударасыңдар дейді. Мақұл дедік. Бірақ не үшін қайтаруымыз керек. Ешқандай арты жоқ, ешқандай бұйрық жоқ. – дейді АЙДАНА ТІЛЕУБЕРГЕНОВА, №110 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ

S3640001.MP4.Still012

Оқу ісі жөніндегі орынбасар болса ұстаздарға қатты сөйлегенін растады. Бірақ жекеге кетпей, тек жұмыс бабымен ескертулер жасадым дейді. Мұғалімдердің қайтаруға тиіс қаражатына қатысты да өз пікірін білдірді.

S3640001.MP4.Still007

– Мені қысым жасады дейтін болса мен жеке басына, отбасына ешқашанда тіл тигізбеймін. Сабақ процесіне қатысты айтамын. Дәптер тексеру бойынша мен мұғалімдерге түсіндіріп айттым, ол мен тарапынан кеткен нәрсе екен. Бірақ оны директорға да айттым. Директор айтты қыздар кемшілік барлығында да болады реттеледі деді. Осындай нәрсе айтты. – дейді ШАРКҮЛ СӘРСЕНОВА, №110 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

 Ал, мектеп директоры болса бұл мәселеден бейхабармын дегенді айтады. Мәселе расталған жағдайда іс-әрекетке көшеміз дейді. Аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарып отырған шенеунік болса жақында әдеп кеңесін өткіземіз деп сөз етті.

S3640001.MP4.Still006

– Мен қазір ұжыммен кездесемін, сөйлесемін қызметкерлермен не мәселе болып жатқанын. Әдеп жөніндегі кеңес бар, соның шешімімен де егер айтқан сөздер расталатын анықталатын болса бұл кісіге тиісті шарасы көріледі. – дейді НҰРЛАН ДӘУЛЕТӘЛИЕВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

Мектеп мұғалімдері құзырлы органдарға арыз түсірген екен. Әр мереке сайын басшыларға жинаған ақшларының түбіртектерін арызбен қоса өткізіпті. Ауданның бас ұстазы осы тергеудің соңын күтпек. Білім берудің орнына басшылықпен арпалысқан мұғалімдер мәселе шешімін таппаса елордаға бармақ екен.

Бөлісу:

5 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Рыс
Рыс
11 months ago

Соңғы сөйлем дұрыс емес, “Білім берудің орнына басшылықпен арпалысқан мұғалімдер мәселе шешімін таппаса, Елордаға бармақ екен”…Сіз бұл мұғалімдердің білім бермей жүргенін нақты біліп отырсыз ба, тілші бейтарап көзқарас ұстану керек, өзіңіздің журналистік ұстанымыңыз дұрыс емес екенін көрсетіп тұрсыз!!!!

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x