Апаттың алдын-алуға аудан әкімдігі қауқарсыз ба?

“Azattyq-news” ақпарат агентігіне Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғындары арызданды. Айтуларынша, екі қабатты тұрғын үйдің  жертөлесі 3 айдан бері суға толып жатқан көрінеді. Аралдықтар су тартатын арнайы көліктермен  ызыдан арылмақ болған екен, бірақ нәтиже шықпапты. Салдарынан бой көтергеніне отыз жылдай болған тұрғын үйдің іргетасы мүжіле бастапты. Пәтер иелері аудан әкімдігі бұл мәселені шешуге қауқарсыз дегенді айтады.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Арал ауданы

Арал қаласы Жетес би көшесі № 1 көппәтерлі тұрғын үй иелерінен жертөлелеріне (подвал) су жиналуына байланысты аудан әкімінің атына өтініш келіп түскен болатын. Осы орайда тиісті сала мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жедел әрекеттер ұйымдастырылып жертөледен 70 автокөлік су тартылғанымен су жиналу тоқтамай отыр. Осыған сәйкес аудандық су торабы мекемесімен қолданыстағы ауыз су құбырлары тексеріліп, су шығынының жоқ екендігі анықталды. Бүгінгі күні бұрынғы қолданыстан шыққан шойын құбырларды қазып, бойында су бар-жоқтығы тексерілуде.
Жөндеу мәселесіне келер болсақ, 2018 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға кондоминиум нысанының шатыры ауыстырылды. Алдағы уақытта әрбір пәтер иелерінің келісіміне сәйкес қажетті жөндеуден өткізілетін болады.

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x