Ана мен бала орталығында сәбидің емес жиһаздың кіндігі кесілді

Screenshot 6

Қызылорда облыстық перинаталдық орталықта жұмсақ жиһаздың лентасы қиылды. Бұл ақпарат Ана мен бала орталығының “Фейсбук” парақшасында жарияланды.

Мына суреттен ақ халатты абзал жандардың қызыл лентаны қиып жатқанын көріп отырмыз. Әппақ жастықтарға да лента байланып тұр. Бұл сыйлықты орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымы жүктілер паталогиясы бөлімшесіне сыйлаған екен.

Screenshot 3

 – делінген Қызылорда облыстық перинаталдық орталықтың ресми парақшасында.

Алайда сәл уақыттан соң бұл посттарын дәрігерлер алып тастады. Себебі бұл сыйлық Қызылордалықтардың арасында пікір талас туғызды. Бірі құптап жатса, басқалары тым ұсақ, лента қиюды дәрігерлердің фарсы деген пікірлер білдірді. Алдағы уақытта тағы да ненің тұсауы кесілмек? Мүмкін ендігіде үстел-орындықтарға қызыл лента тағу бақыты бұйырып қалар?!

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x