Әкімдер жүрмеген көше

WhatsApp Image 2022 04 25 at 20.09.38

Ми батпақтан шаршаған Қызылордалықтардың  жан айқайы. Қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Досқали Сыздықов көшесінің тұрғындары көктем мен күзде қатты әбігерге түседі. Себебі жауын-шашыннан кейін көше жолымен көлік жүрмек түгілі қарапайым адамның жүріп-тұруы қиынға соғады екен.

Screenshot 1

Бұл – Досқали Сыздықов көшесінде кезекті жаңбырдан кейінгі көрініс. Шұрық-тесік жолдардың барлығы жауын суына толғанын байқауға болады. Әкімдіктің табалдырығын тоздырған Қызылжармалықтар көшені өз беттерінше жамауды әдетке айналдырыпты.

Screenshot 3

– Жолды тегістеп жатырмын құм төсеп. Жолдың барлығы шұңқыр-шұңқыр, көліктерге, адамдарға сәл болсада жүруге ыңғайлы болсын деп. Балалар мектепке барғанда қатты қиналады, аяқтарының барлығы су-су. Садик бар, жұмысқа барады азаматтарымыз – дейді Мұрат Жоламанов, Д.Сыздықов көшесінің тұрғыны.

20220425 184632

Сыздықов көшесінде асфальт түгілі төселген қиыршық тас та жоқ. Тұрғындар басқа көшелерде жағдай басқаша дейді. Басшылар болса бұл мекен-жайды мүлдем ұмыт қалдырған секілді.

Screenshot 4 1

– Осы көшеге 1986 жылы көшіп келгенмін. Ешқандай әкімдер келген емес бұл жаққа. Жауап та жоқ, мүлдем қарамайды. Төселеді деп айтып еді бір кездерде бірақ төселген жоқ. Одан бері 10 жылдан аса уақыт өтіп кетті. Мектепке баратын балдарымыздың бас-аяғы батпақ, өзімізде мына асфальтқа шығып кетеміз дегенше аяғымызға целофан киіп, бір емес екі аяқ киім киіп өмір сүріп жатқан жайымыз бар -дейді Әлия Тобажанова, Д.Сыздықов көшесінің тұрғыны.

Screenshot 5 1

– Біздің алдымызда, жанымызда, артымызда жатқан көшелерде асфальт бар. Именно осы ҰОС-ның ардагері Досқали Сыздықов атындағы көшеде асфальт жоқ. Көшеге мина түскендей шұңқыр-шұңқыр. Талай рет арыз жазылды, ешқандай нәтиже жоқ. Жылда қаралады деп шығарып салып жатыр әкімдік. Бұл қашан болады? – дейді Асқар Бақытжанұлы, Д.Сыздықов көшесінің тұрғыны.

Screenshot 6

Ақ жағалылар болса көшеге қай уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетінін нақты айта алмады.

– Д. Сыздықов көшесіне орташа жол жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстарын жүргізу мақсатында қаржыландыруға Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Бұған дейін хабарлағанымыздай қажетті қаражат бөлінген жағдайда ғана аталған көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. – Қызылжарма ауылдық округының FACEBOOK парақшасына салған жауабы.

WhatsApp Image 2022 04 25 at 20.09.39

Расында, бұл көше Ұлы Отан соғысының ардагерінің атына берілген көше. Алдымыздағы мамыр айында Ұлы Жеңіс мерекесінің 77 жылдығы. Тұрғындар әліде болса шенділер мереке қарсаңында Досқали Сыздықов көшесіне деген көзқарастарын өзгертер деген үмітте.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

4.3 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x