500-ден астам шәкірт оқу ақыларын қайтара алмай жүр

500-ден астам шәкірт оқу ақыларын қайтара алмай жүр

Биыл жылдың қаңтар айында Сыр өңіріндегі Болашақ универститеті лицензиясынан айырылған болатын. Бұл білім ордасында 5 мыңға жуық студент білім алған. Оның мыңнан астамы мемлекеттік Қорқыт Ата атындағы универститетіне ауысқан. Содан бері 5 ай уақыт өтсе де білім қуған жандар әлі күнге дейін жабылған оқу орнынан төлемақыларын қайтара алмай келеді. Қазіргі таңда университетің студентерге деген қарызы 50 миллион теңгеден асып жығылады екен, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық Агенттігі.

S3560001.MP4.Still002

Алтынай Нұрмаханова жеке оқу орны жабылып, мемлекеттік білім ордасына ауысқан студенттердің бірі. Алдағы уақытта ұстаз боламын деген ол міне 5 айдан бері Болашақ университетінің табалдырығын тоздырып келеді. Әр түрлі сылтау айтқан бұрынғы ұстаздары оқудың төлемақыларын қайтармай келеді екен.

S3560001.MP4.Still003

– Бес ай болды бізге әлі аударылған жоқ. Біз сол себепті емтиханға кіре алмай қалдық. Келесі оқу жылы сентябрьде болады ғой енді, сол кезде түсетін платниктерден береді ма? Бізге точно уақыт беріп тұрған жоқ қой. Бізге жақын тез-арада тауып беру керек. – дейді АЛТЫНАЙ НҰРМАХАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

S3560001.MP4.Still004

Өз ақшаларына қол жеткізе алмағандардың қатарында ауданнан келген жандар да бар. «Жастарды баласынып отыр  ма» деген ата-аналар өздері жабылған оқу орынның басшылығына келіпті. Алайда олар да бірнеше айдан бері тұшымды жауап ала алмай келеді.

S3560008.MP4.Still001

– Счетымыз жабылды деді, әйтеуір бізде в данный момент ақшамыз болмай тұр, бірақ постепенно қайтарамыз дейді. Біз олардың постепенносына шыдай алмай тұрмыз ғой. Өйткені Қорқыттың экзаменіне кіруіміз керек. Сол мәселемен келіп тұрмыз.- дейді ДҮЙСЕНКҮЛ ИБРАГИМОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жеке білім ордасының әкімшілігі де  барлық қарыз ақшадан нақты қашан құтылатындарын айта алмады.

S3560001.MP4.Still005

– Жалпы төленеді ғой, түбі төленеді. Дәл қазір болмаса да.

-Қаншаға созылуы мүмкін, өз ойыңыз?

Енді бұл жерде студенттердің төлеген ақшасына байланысты ғой. Құлайтынымды білгенімде жастық қояр едім деген қазақта сөз бар ғой. Бұлай боларын білген жоқпыз. – дейді АЙГҮЛ ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

S3560001.MP4.Still006

Лицензиясынан айырылған жеке білім ордасы қазірде басқа бір университетпен бірігіп қайта жұмыс жасап жатыр. Осы уақытқа дейін мемлекеттік жоғарғы оқу орынға ауысқан мыңға жуық студенттің тең жартысының төлемақысы ғана қайтарылған екен. Ал қалған қарыз 51 миллион теңгені құраса керек. Ал екі білім ордасының ортасында қалған студенттер болса әлі күнге дейін көктемгі сессияны қалай жабарын білмей отыр.

Бөлісу:

3.7 3 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Облыстық білім бөлімі
Облыстық білім бөлімі
1 year ago

Құрметті azattyg-news.kz! Болашақ университетінен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне ауысқан студенттерді емтиханға жіберу бойынша ешқандай кедергі жоқ. Мәселе шешімін тапқан. Болашақ университеті студенттердің оқу ақысын Қорқыт Ата университетіне аударатын болады.

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x