Бір литр сүтті 14 млн-ға бағалаған кімдер?

Screenshot 4 1

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері мемлекеттік сатып алу бағасын жасанды көтеруге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бергендерді анықтады.

photo nnn1 4156 scaled 1

Атап айтсақ, Шиелі аудандық білім бөлімі 1 литр сүтті 14 миллионға сатып алуды жоспарлапты. Білім басшылары нарықтық бағаның көтерілуін дұрыс түсінбеген секілді. Шиелілік әріптестерінен қалғылары келмеген Қармақшыдағы №75 мектеп басшылығы болса мемлекеттік сатып алу порталында бір күртені (куртка) 1 млн 670 мың теңгеге бағалапты. Білім ордасы осылайша 208 млн-ға 125 күрте сатып алуды жоспарлапты.

Screenshot 1 1

– Анықталған кемшілік бойынша ұсыныс жолданып, қорытындысы бойынша 1 куртканың бағасы 16 мың 701 теңгеге дейін түсірілген. Жалпы сатып алу соммасы 2 млн 87 мың 678 теңгеге түсіп, 206 млн 680 мың теңге мемлекет қаражаты қайтарылды. Шиелі аудандық білім бөлімі 1 литр табиғи сүтін 14 млн 577 мың теңгеге сатып алуға жоспарлаған. Нәтижесінде жоспарлы бағаны қайта қарау ұсынсытары жолданып, қорытындысымен 1 литр табиғи сүттің бағасы 223 теңгеге түсірілді – дейді Ғалия Әлімқұлова, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.

02

Білімнен бөлек мұнай саласынан да шикіліктер табылды. Қызылорда облысы бойынша 11 мелмекеттік мекеме мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық талаптарын сақтамағанын байқауға болады. Шенділер дизель жанар майының бір литрін 280 теңгеге дейін бағасын сатып алуға , ал АИ – 92 маркілі бензиннің 1 литрін 205 теңгеден жалпы сомасы 110 млн теңгеге мұнай өнімдерін сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік сатып алу лоттарын қайта қарау туралы ұсынымдар жолданып, 38 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді.

2022 жылдың екі айында 17 мекемеге жолданған ұсыныстардың нәтижесінде жалпы сомасы 351 млн  230 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x