Әкім жұмысына берер бағаңыз қандай?

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.30.57

Екі жылға жуық Қызылорда облысының әкімі болып отырған Гүлшара Әбдіхалықованың жұмысына қаншалықты көңілдеріңіз толады? AZATTYG NEWS ақпарат агенттігі Сыр өңірінің қоғам белсенділерінен аймақ басшысының елге осы уақыт аралығында қандай еңбегі сінгені жайында пікір жинады.

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.30.58

– Қызылорда облысы – Оңтүстік Қазақстан бойынша артта қалып келе жатырған облыстың бірі десем қателеспеспін. Экономика жағы, әлеуметтік жағы болсын көштің соңындамыз. Әлеуметтік желіде белсенді болмасам да, белсенді топтардың мәселелері мен жаңалықтарына аса мән беріп отырамын. Оқыған посттарымның бірінде сіздің қолдауыңызбен, “Қызылорда облыстық мүгедектер бірлестігіне” Торайғыров көшесі 115 мекен—жайынан ғимарат бергеніңізден хабардар болдым.

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.30.58 1

Өздері аты атап тұрғандай “Мүмкіндігі жоқ”  жандарға мүмкіншілігі нашар, жағдайы жоқ ғимаратты сыйға тартқан облыстың басшысы бұл сыйлығын ойланып жасады ма екен. Жоқ әрине, сұрап келді, бере салды “Құда да, құдағида тыныш”  дегендей. Бұл бір ғана мысал. Жасалып жатырған жұмыстарды жоққа шығаруға болмайды, бірақ жүйелі түрде жасауды облыс әкімі Гүлшара Наушақызы осы сәттен бастап қолға алуы керек. Менің облыста орындалып жатырған жұмыстарға берер бағам 2!

“Сыр алаштың анасы” дейтіндей атақ абыройға жетелейтін қазіргі биліктің деңгейі төмен десем ешкім ренжімес. Мақтанышпен айтатын ешнәрсені көріп тұрғаным да жоқ. Сол баяғы бір сарын.

Қуаныш Әлібек Нұрланұлы, “Жас орда” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.30.59

Гүлшара Әбліқалықованың  басты артықшылығы ары мен қолы таза әкім.  Г.Әбдіхалықова – Қазақ елінің облыс әкімі болған тұңғыш әйел адам. Қызылорда облысына әкім  келе салысымен пандемияға, су тапшылығы проблемаларына тап болды.  Әбдіхалықоваға дейін 400 гектар күрішін су жетпегендіктен күйдіріп алған шаруалар, сол жылы жаңа әкімнің жағасынан алғандай болған еді. Қолынан не келеді деген күмәнның басым болғаны да рас. Агроаймақ болғандықтан, Сыр өңірі үшін Су – қашаннан ең күрделі мәселе.

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.30.59 1

Жаңадан келе салысымен сол егіс науқанына қажетті суды Гүлшара Наушықызы мамандармен кеңесе отырып, Көксарай табынында қалған бар суды жырып, Сырдарияға бұру туралы шұғыл шешім қабылдады. Нәтижесінде күрішшілер егісі бітік шығып, дақылын сол жылы шығынсыз жинап алды. Әбдіқалықованың тағы бір ерлігі көрші Түркістан облысының  Қызылорда облысының келісімінсіз жоғарыға өткізген “Сырдарияға насостар орнату” жобасын тоқтатты. Тағы да Сырдарияға қатысты көршіміздің  маңызды бір жобасына тосқауыл қойды. Ол туралы еш жерде айтылмағасын,  мен ФБ парақшамда  жаздым. Сырдария табаның тазалайтын земснарядқа неше жыл қол жеткізе алмаған едік, Гүлшара Наушақызы оны да тез шешті. Ал неше әкімді күтіп алып, шығарып салған Шыны зауытын ашу да тарихтың еншісінде. Басқа да дабыратпай бітіріп отырған шаруалары баршылық. Мен үшін облыс басшысының жаңа үйдің кілтін тапсырып, жаңа мектептің лентасын кескен жаңалығынан гөрі осындай күрделі мәселелерді шешкені маңызды.

Айткүл Шалғынбаева, тәуелсіз сарапшы, журналист

WhatsApp Image 2022 02 09 at 17.03.56

Негізі саясатқа араласқанды ұнатпаймын, бірақ сол  4-ші қаңтар күні Ләззат Бақтыбайдың тікелей эфирін қарап, бірден түсіндім бұл біздің облыс үшін емес Қазақстан үшін тарихи жағдай. Халық үшін маңызы өте зор жағдай. Оны аяғы немен аяқталуы мүмкін екенін де ол басшы ретінде Гүлшара ханым “должна была предвидеть”. Соның алдын алып, болжау керек еді. Мысалы, сол кезде облыс әкімі келе жатыр дегенде бір сондай қуанып қалып едік, біздің облыстың әкімі біз үшін халықты ойлап келе жатыр, қазір не айтады екен деп тыңдайын десем бір-екі сөз айтты, оны халық естіген жоқ.

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.31.00

Сонымен бір кісі шығып: – Сіз бізге биотуалет, палатка алып келіңіз басқа сіздің қолыңыздан ешнарсе келмейді-деген пікір айтып еді. Бұрылды да кетіп қалды. Ол не масқара? Бір митингге қатысушы кет десе кете береді ма? Облыс басшысы ретінде жауапкершілік қайда? Сол жағдайдан кейін “Біз кімге сенеміз? Кімге керекпіз?” Бізге ондай әкім керек па?-деген ой келеді.

Әлия Абылқасымова, Қызылорда қаласының тұрғыны

WhatsApp Image 2022 02 09 at 17.05.23

Мен Жаңақорған ауданының көп балалы анасымын. Біздің облысымызға қазір Гүлшара Әбдіқалықова әкім болып келгелі менің ешқандай көңілім толмайды. Өйткені ол кісі қазір ешқандай жұмыс  жасап жатқан жоқ. Бір жұмысын көріп жатқан жоқпыз. Ана жерге барып суретке түсіп, мына жерге барып суретке түсіп Фейсбук желісіне салғаннан басқа, анаған гүл берді, мынаған үйтті-бүйтті дегеннен басқа ешнарсе көріп жатқан жоқпыз. Ол кісіге біздің көңіліміз болса  ойбайлап, айқайлап, талаптарымызды айтып жүрмес едік. Қайыр садақаға баспана алып жатырмыз, жұмыссызбыз, даже қоғамдық жұмысымыздың айлығы берілмей қойды. Мен әйел адам әкім болып келгенде қуанғандардың бірі мен болып едім, бірақ қуанышымыз ұзамады. Әйелдерді қолдап жатқан жоқ, қабылдамайды әйелдерді, қырғынмен қабылдатамыз. Есікті жауып алады, бізде ақуал осындай.

Сандуғаш Тұрлыбекова, Жаңақорған ауданының қоғам белсендісі

WhatsApp Image 2022 02 09 at 17.07.12

– Ал,  не айтайын.  Шынымды айтсам расыменде Абдыкалыкова ханымның әкім болғалы міне деп жасаған жақсы нарсесін көрмедік. Ол  облыста өзекті мәселенің орнына болмайтын бір жобалар немесе ашып қалсаң біреулердің үйінде, құттықтап қаңғырады да жүреді гой,  одан қалды халық алдына шығарып құрметтеп табысталатын мадақтарды тығылып беретіні бар,  дайын тұрған бизнесті “аштық деп” шыны заводын ашып жатыр,  тіптен ұят енді.  Анау жақтан ат терлетіп біреу келе қалса есік тас құлып,  инвестор, индустрия ноль ғой,  тартуды да білмейді гой.  Білмеймін енді ұяты білсін, дауасы кетсінші,  облыста енді су тапшылығы орын алған кезде  егін егетін жерді ол талан- таражға салып, енді жоқ болса онда бітіпті да жағдайымыз.

Ардақ Сыздықова, Шиелі ауданының қоғам белсендісі

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.30.58 2

Менің Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың командасына көңілім толмайды. Атап айтсақ, облыстық Ішкі Саясат басқармасы. Елдің ішкі өмірінің барлық салаларын дамыту стратегиясын (оны дамытудың мемлекеттік мақсаттары), қоғам мен қоғамдық қатынастардың мүдделерін үйлестірудегі елдің саяси басшылығының қызметінің аймақта жұмысын әлсіз деуге болады. Қарапайым сөзбен, елдің ішкі ахуалын бақылап, осал тұстарын жетілдіріп, ушығып тұрған мәселелерді талдау арқылы алдын-алу, маргиналды және теріс ағымдағы топ өкілдерімен тығыз байланыс орналастырып, оларды әлеуметтендіру болып табылады!!!

Ал, іс жүзінде ше?! (Алысқа бармай, 3 айлық шолу жасайық)

1) 31000 Қызылорда облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 05.12.2021 жылы  митинг ұйымдастыратындарын білдірді, алдын-алмақ түгілі, білді ме?

2) Мұнай саласындағы жұмысшылардың ахуалын болжап, шешу жолдары қарастырылып, диалог жасалды ма? Олардың айлықтарының ҚР бойынша ең төмен екенін бесіктегі балада біледі…

3) “Көпбейінді Байқоңыр қалалық ауруханасының” 350 қызметкері наразылықтары мен митингіге шығатындарын мәлімдеді! Алдын-алу әрекеттері жасалды ма?

4) Маңғыстаулықтар 2 күн талаптарын жеткізіп бейбіт жиын өткізді, облыс бойынша халық толқуы болуы болжалды ма?!

5) Соңғы жылдары бітпейтін жер даулары бойынша қандай болжам мен шешімдер қабылданды?

6) 04.01.2022 жылы халықты басып немесе 05.01.2022 жылы тәртіпсіздіктің алдын алмақ түгілі, солардың функциясын орындаған белсенділерді қорғауы тиіс мемлекеттік мекеме қудалау кезінде нендей шаралар жасады?

7) Әкім халық алдына шыққанда жанында бұл басқарма тығыз қатынаста болуы тиіс Ардагерлер, Депутаттар және басқада қоғамдық пікір көшбасшылары ұйымдастырылмағаннан бөлек, әкімнің сөйлейтін сөзіде даярланбаған!!!

Бұл тек менің емес, көптің көкейіндегі сұрақ!!!

Ләззат, Бақтыбаева, “Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филалының жетекшісі

WhatsApp Image 2022 02 09 at 16.43.27

Мен жалпы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовның жұмысына көңілім толмайды. Қанша рет Қазалы ауданына келсе де халықпен бірде-бір рет кездескен жоқ. Келеді, мына креслода отырған басшы сымақтармен кездеседі, бір-екі жерді көреді де кәдімгі белгілі әдемі жерлерді көреді де қайтып кетеді. Ең бірінші әкім қарапайым халықпен кездесу керек қой. Қызылорда облысы әкімдігіне осы Әбдіқалықовамен кездесуге ізіме мәселесі шешілмей жүрген, қаншама халықты аналарды ерітіп бардым. Тіркелдім де барып, бірақ әне күтіңіз, міне күтіңіз деп қайта-қайта барсам да мені қабылдамады ол кісі. Мәселеңіз ауданнан шешіледі дейді, ауданнан ешқандай мәселе шешілген жоқ. Бұл кісінің жалпы жұмысына мен қанағаттанбаймын.

Динара Дастенова, Қазалы ауданының белсендісі

Бөлісу:

4.8 6 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
2 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Жулдыз
Жулдыз
2 years ago

Осы уакытка дейин кабылдаган жок канша рет келдие кабылдасын деп бирак калып журеди.коп балалы анамын

Сулейменов Тілеужан
Сулейменов Тілеужан
2 years ago

Обылысқа алғашқы келген жылы карантин болды. Ол кезде тікелей эфирмен жылдық есеп беру жиналысын өткізді. Мен және Тортай аға екеуміз бардық әдейі мәдениет үйіне сол кезде аудан әкімінің орынбасарлары бізді шақырып анау мынау сұрақ қоймайсыздарғо жаңадан келген деп ценари бойынша өткізді. Одан кейін де Арал ауданына қанша рет келді и кетті бірде бір халықты аз аздан жинап кездесулер өткізген жоқ.
Сырдарияның кескіні анау Арал теңізінің кескіні мынау су келу азайған. Аудандағы болып жатырған мәселелерді фейзбукта жазғанмен бірде бір рет жауап берген жоқ. Әрбір жазылған посттарға комментарилерге әр кім өз саласына қатысты обылыс әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшысылары жауап беруі керек олда жоқ?
Осы уақытқа дейін обылыс әкімінің ғимараты түрме сияқты жабық болды неге и не үшін жауып жүрді оғанда жауап берген жоқ. Айта берсең шегі жоқ Ол кісінің жұмысына көңілім толған емес шыны керек
Халықтан қорықпай жие кездесіп мұң мұқтаждарын тыңдап қолынан келгенінше заң аясында жұмыстар істесе деймін.

2
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x