Әкімдік қызметкерлері азық түлікті жоқ-жітіктерге емес...

WhatsApp Image 2022 02 08 at 18.54.02

Шиелі ауданы әкімдігінің қызметкерлері, атап айтқанда, бөлім басшылары мен бірқатар ауыл әкімдері шетінен МЕЦЕНАТ екен.

Меценат болғанда қандай! Және бір қызығы, олар көмекті жоқ-жұқаға емес, білдей облыстық әділет департаментінің қызметкеріне көрсетіпті. Азық-түлікті тура үйіне апарып беріп отырған деседі. Қызметтік тергеп-тексеру құжаттары солай дейді. 

Қазақта кеусен, садақа тарату, демеп-қарасу бар әрине. Бірақ, ол жоқ-жітікке жасалады. Ал, қызметі бар адамға беру садақа емес, пара есебінде емес пе?!

Не үшін берген дейсіз бе? Әр тоқсан сайын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі мен жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері туралы есептерді тапсыру үшін.

 Әгәрәки есепте бәрі дұрыс болса, онда жұрттан ақша жинап, қызметкердің үйіне азық апарып неге әуре боласың? Бір гәп бар шығар…

Не десек те, әлгі аталған аудандық әкімдіктің жауапты қызметкерлері «қызметіне сәйкес емес», ал бірі «сөгіс» деген жаза алды. Айтпақшы, олар әдеп кеңесінің шешімімен келіспейтінін жеткізіп, сотқа шағымданатынын айтты. Ал, материал төбеден түскен жоқ, айғақтар негізінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеп-тексерген.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x