Әкімдік қауқарсыз, депутаттың қолынан не келмек?!

WhatsApp Image 2022 02 23 at 16.05.32

Қаланың теңгеріміне өткен Сабалақ саяжайы тұрғындарының қуаныштары ұзаққа созылмады. Себебі, басталған іс соңына дейін бармады деді ашынған жұрт. Саяжайлықтар осы уақытқа дейін өз арыздарын арқалап, бірнеше мәрте қала әкімдігіне шағымдарын жеткізген. Күте-күте шаршаған Сабалақ тұрғындары бүгін үміттеніп, депутаттар ұйымдастырған жиынға келіп өз уәждерін айтты.

Жиында тұрғындар бірнеше өзекті мәселелердің бетін ашты. Алғашқысы ол – жол мен қоғамдық көлік проблемасы. Сабалақ ауданында тек қана бір үлкен жол бар, маршрутқа міну үшін тұрғындар 4 шақырым жер жаяу жүруге мәжбүр көрінеді. Оған қоса жаяу жүргінші жолы тағы жоқ. Келесі кезекте жарық мәселесі. Тұрғындардың пайымдауынша, өткен жылы жарыққа қаржы бөлінгенімен, жабайы бөренелермен тартылған сымға малдар мен балдар әлі күнге дейін тартылуда. Ашынған жұрт  нәтиже көңіл көншітпейді деп отыр. Сонымен қатар саяжайлықтарды аса қатты мазалап отырған білім ордасы.

WhatsApp Image 2022 02 23 at 16.07.24

– Сабалақ ауданында 1000-нан астам бала бар. Жеке мектеп салынып жатыр. Ол тек 450 оқушыға. Бізге мемлекеттік мектеп керек. Сізге мектептің жырын айтайын, әржердің малқорасын бұзып, тесік плиталарымен жапты. Комиссия болып барлығын суретке түсірдік,- дейді Сабалақ ауданының тұрғыны Гүлсәнім Аукенова.

Тұрғынның уәжін тыңдаған Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев сұрақты Облыстық білім басқармасының басшысына жолдады.

WhatsApp Image 2022 02 23 at 16.45.09

 – Сабалақта мектеп тегін болады. Орын саны әлі нақтыланып жатыр. Мектеп жақында ашылады. Тасымалдайтын автобустар бар. Қазір жаңадан автобустар алынады. Балаларды тасымалдайтын мектептің өзінің көлігі болады. Ол әлі нақтыланған жоқ. Бірақ жоспарымызда бар,- деп жауап берді Ақзира Бақтыбайқызы.

Жол сапасы нашар болуы күнделікті өмірге өзінің кері әсерін тигізуде. Тұрғындардың айтуынша, жазды күні мұнда көшелер  ақ шаң болып бұрқылдап жатса, жауын-шашын кезінде жұрт ми батпаққа батады.

– Бұл мәселе бұрыннан бері көтеріліп келе жатыр. Қанша әкімдерге, әкімнің орынбасарларына айтылғанымен, құр уәдемен ғана кетіп тұр. Құр уәде бізге қазір керек емес. Жаңа Қазақстан деді. Жаңа елді мекен орнатып берсе. Халықтың жүріп-тұруына жолды дұрыстасын, таза ауыз суымен қамтамасыз етсін, жарық пен газ орнатып берсе,- дейді Сабалақтық Әйгерім Бақыт.

Депутатармен өткен кездесуде бұдан да басқа мәселелер сөз етілді. Келген әр тұрғынның уәжін тыңдаған халық қалаулылары Қызылордалықтарға қолынан келгенше көмек береміз деп өз сөздерін қорытындылады.

WhatsApp Image 2022 02 23 at 16.05.13

– Ертең Қазантаевқа кіріп, Сабалақтың белсенді азаматтарының айтып отқан мәселе көп деп, бірақ ең маңыздысын тізіп айтып беремін. Тапсырып кетемін. Былай келісейік. Сіздердің айтып отқан мәселенің бәрін бір уақытта шеше алмайды. Басымдылық жағынан бастап, тез шешімін табатын мәселені қарастырады. Кезек-кезекпен,- деді Ғалым Әміреев, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Айнұр
Айнұр
2 years ago

Баяғы жартас бір жартас болып қалмаса жарар еді. Сол әкімсымақпен депутаттарды осы жаққа тұрғызса екен. Жол, су, свет, газ, мектеп осы мәселелер шешімін тапсын деп тілеймін. Аллам адамнан емес, менен сұра деген. Сәтін салсын.

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x