Әкімдердің жасырғаны бар ма?

00000.MTS .Still003 1

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің алдына Сырдария ауданы Шаған ауылының тұрғындары жиналды. Бес мыңға жуық халқы бар ауылда екі жылдан бері жер дауы басылмай келеді. 2020 жылы егін егіп, нәпақаларын тауып отырған ауыл тұрғындары Үкімет тарапынан 49 жылға берілген егістік жерлердің 6 адамға тиесілі екенін білген. Үш мың гектардан астам егістік жерлерді иемденіп, өздерін құрылтайшы етіп сайлап алғандарды  диқандар сотқа беріпті. Әділдікке қол жеткізген Шағандықтардың проблемасы мұнымен шешілмеген. Соттан жеңілген 6 құрылтайшы ауыл тұрғындарына қайта уәделерді үйіп-төгіп, жерлерін шаруа қожалықтан қайтарып алуын сұрап жатқан көрінеді.

00000.MTS .Still006

Ауыл мен аудан төңірегінде бұл мәселе шешімін таппаған соң диқандар облыс орталығы – Қызылордаға келуден басқа амал қалмады деп налиды. Себебі соңғы екі жылда Шаған ауылында  халық арасында ауызбіршілік кеткен екен. Ауыл тұрғындары шаруа қожалыққа жаңа директор келген соң бұрынғы басшысымақтардың былықтарына бет ашылғанын сөз етті.

00000.MTS .Still005 1

– Алдында 2007 жылдан бастап бізде Қадыров Бердібек деген мырза директор болған. Он үш жыл шаруашылықты басқарды, бірақ 2,5-3 мың гектар егін егетін шаруашылық 13 жыл бойы қарыздан көз ашпады. Жұрт та ақша тапқысы, күн көргілері келеді. Сондықтан біз жалпы жиналыс шақырып, басқа бір Сыздықов Жеңісбек деген жігітті, ауылдың тумасын шақырып директор қылып сайладық. Ол кісіге мынадай тапсырма бердік, алыс-беріс жөнінде тәуелсіз аудит компаниясын жалдау жөнінде тексеруге. Аудит компанияның соңғы 5 жылды тексеруге қақысы бар, соңғы 5 жылды тексерген кезде 6 млн-нан астам ақша негіссіз жұмсалған, кассадан прямой алынған ақшалардың ізі шықты – дейді Жүсіпбек Райымбеков, Шаған ауылының тұрғыны.

00000.MTS .Still007 1

Ауылдағы тұрғындар арасындағы келіспеушіліктер осыдан кейін бастау алыпты. Бұрынғы құрылтайшылар өз жақындарына шаруа қожалықтан шығып, басқа серіктестік құруды ұсынған көрінеді. Бөлек кеткен диқандар енді ауылдың құнарлы жерлеріне көз салған. Тіптен бұл жерлерді бермесеңдер күшпен ааламыз депті. Ағайындардың арасында ұрыс-керіс болмасың деген Шағандықтар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға келді. Шенеуніктер шаруалардан тек 10-15 адамды ішке шақырды. Ауызда тұрған полиция қызметкерлері басшылардың тапсырмасы деп, БАҚ өкілдерін ішке кіргізбеді.

00000.MTS .Still001 2

Ішке кірген диқандар да облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесе алмапты.

00000.MTS .Still002 1

– Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, аудан әкімі Мұрат Нәліқожаұлы және аудан прокурорының бірінші орынбасары, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары қатысып, мәселені тыңдады. Үш мәселе қойылған болатын: бірінші мәселе Шаған Жер серіктестігінің бұрынғы құрылтайшы Жаңабергеновтың ауыл ішінде берекесін алып, шаруашылықтың берекесін алып теріс әркеттеріне тоқтам салу. Екіншісі осы жоғарғы биліктің шаруашылықтың қызметіне араласуды тоқтатуды және бұрынғы құрылтайшыларға қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр сол мәселе бойынша сұрақтар қойды тұрғындар. Енді толық қанағаттанбағанымызбен тиісті жауаптарымызды алдық. Уәделерін берді – дейді Жеңісбек Сыздықов, Шаған Жер ЖШС директоры.

Барлық ауылдар егін науқанына дайылдалып жатқан кезде Шағандықтар осылайша әкімдіктердің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Бұрынғы құрылтайшылар алдағы уақытта шаруашылықтың  жұмыстарына кедергі келтіретін болса бұл мәселемен құзырлы органдар айналыспақ.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x