Үреймен өмір сүреміз

WhatsApp Image 2022 02 18 at 22.18.53

Қызылордада қарапайым адам тұра алмайтын, айқай-шуы бітпейтін баспанадан шаршаған тұрғындар, жергілікті билік тарапынан ешқандай көмек жоқ екендігі жайында сөз қозғады. Оның басты бір себебі Қорқыт ата және Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан жалдамалы пәтерлер.

Тұрғындардың айтуынша, жалдамалы пәтерлерден тұратын тұрғын ауданда жезөкшелер үйлері жұмыс істейді екен. Жергілікті билік заңсыз кәсіпкерлікті жоюға қауқарсыз, ал ұйымдастырылған рейдтер қысқа мерзімді ғана нәтиже берсе керек. Бұл жерде жұмадан сенбіге, жексенбіге дейінгі демалыс күндері, әсіресе мереке күндері аулаға шығу мүмкін емес. Себебі, жалдамалы пәтерлерге маскүнемдер  жиналады екен.

 

WhatsApp Image 2022 02 18 at 22.18.53 1

“Жалдамалы пәтерлерде тәртіп жоқ. Біз балаларымызды есіктің алдына шығаруға мүмкіндік жоқ. Екі күннің бірінде мас адамдар төбелеседі, есіктің алдында жатады. Үреймен өмір сүреміз. Түнімен ұйқы жоқ. Полиция қызметкерлерінен көмек 102-ге хабарласқан бойы келіп, акт толтырып кетеді. Болды”,- деп  тұрғын базынасын айтты.

Осы жағдайға байланысты кішкентай тұрғындарда өздерінің наразылығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат арқылы жолдады.

WhatsApp Image 2022 02 18 at 22.18.51

“Менің сізге жазып отырған себебім біздер тұратын аумақ өте қорқынышты. Балалар аулада демалып, ойнай алмайды. Себебі бұл тұрғын ауданда келіп-кетушілер көп. Тұрғын үйлерде пәтерлер сағатқа, тәулікке жалға беріледі. Бұзақылар, ішімдік ішкен адамдар, төбелесетін қауіпті адамдар келеді. Сол уақытта қатты корқамын”,- дейді 4 “В”сынып оқушысы Қуаныш Нұрдана.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдайға байланысты әкімшілікке, қалалық полиция басқармасына шағымданған. Бірақ жауап алғанымен, әлі күнге дейін нәтиже жоқ.

“Қауіпсіздік күшейту үшін тұрғындармен және пәтер иелерінің коперативінің қатысуымен  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  бастығы Әбдібек Жаназаров пен кездесу ұйымдастырылып, олармен проблемалық мәселелер көтеріліп талқыланды. Басқарма бастығы тұрғындардың мәселелеріне тез арада ден қою үшін олардың ватсап мессенджеріне қосылып ол жақтағы мәселе басқарма бастығының жіті бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіліп, қатаң бақылауда тұр”,- деп жауап берді Қызылорда қалалық полиция басқармасы.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

4 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x