Құзырлы органдар кімдердің мүддесін қорғап отыр?

WhatsApp Image 2022 02 16 at 14.27.28

Қызылорда облысына келген Қаңтар оқиғасын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның прокурорлар мен полицейлердің жұмысына көңілдері толмай отыр. Белсенділер екі күн бұрын құзырлы органдардың өкілдерімен кездесіп, темірторда жатқан кінәсіз қызылордалықтарды босатуын талап еткен болатын.

Олардың айтуынша, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты бар деп қамалғандардың арасында  еш жазығы жоқ жандар жетерлік. Жиынға осы азаматтардың жақындары келіп, прокурорларға уақытша ұстау изоляторында жатып, соққыға жығылған  жақындарының суреттерін көрсетіп, оларды босатуын талап етті. Алматыдан келген тәуелсіз комиссияның мүшелері Сыр өңіріне келгендеріне екі күн болса да еш өзгеріс жоқ екендерін жасырмай, қызылордалық прокурорлар мен полицейлердің жұмысына сын айтты.

20220218 114544.mp4.Still001

– Шындықты айтқан азаматтарды қайтадан қамап жатыр. Талғат деген жігіт кеше шындықты айтып еді бүгін қайтадан қамап тастаған. Бұл не деген сұмдық? Біз комиссияның осындай жиналыстарын Талдықорғанда өткіздік, одан кейін Таразда, Алматы қаласында, Шымкентте өткіздік. Бәрінде нәтиже бар! Мынау прокуратура жұмыс істей бастады облыстарда, қалаларда. Ал, енді мына Қызылорданы алып қарайтын болсақ бұлар керісінше жұмыс жасап жатыр. Қызылорда облысында прокуратурасы бар, ДВД-сы бар, тағы да басқа органдар бар осылардың барлығының басшыларын босатып, басқа жақтан дұрыс басшыларды әкелу керек. Адамгершілігі бар адамдарды әкелу керек. Қызылорда облысының прокуроры бар, оның орынбасарлары бар егер осы жұмыстардың барлығын дұрыстап байқамайтын болса , егер абақтыда отырғандарды босатпайтын болса арман қарай үтіктейтін болса үстерін қыздырған үтікпен бәрібір біз шындыққа жетеміз! – дейді Балташ Тұрсынбаев, Қаңтар оқиғасын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның мүшесі.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x