Қылмыстық топ ұсталды

image 02 02 22 04 32 2

Қызылорда қаласында ​ ​ ломбардқа ұрлыққа түскенкендер құрықталды. Қаңтар айының басында шаһардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде​ белгісіз адамдар тобы​ түнгі мезгілде, жабылған ломбардтардың біріне есікті бұзып кірген.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел–іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа күдіктелген екі ​ қала тұрғыны құрықталды.

Айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар, оның ішінде 125 дана алтын ​ сақина, 22 дана алтын алқа, 7 дана алтын білезік, 3 алтын сағат,​ 1 дана ​ үлкейткіш әйнек​ және ноутбук​ тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық ​ ​ кодексінің​ 188 – бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.​ Оқиғаның басқа да мән – жайлары анықталуда.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x