Қызылорда облысында қуаңшылық 12 жылға созылу мүмкін

20220224 094827.mp4.Still001

Қызылорда қаласында өткен Қазақ шаруаларының өңірлік құрылтайында осы мәселе сөз етілді. Шаруалардың мәртебесін көтеру мақсатында “Шопан ата” Қазақстан Ұлттық Мал өсірушілер қауымдастығы еліміздің барлық өңірлерінде қарапайым шаруаларымен кездесулер өткізіп келеді.

Күн тәртібінде Сыр өңірінде ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді сөз етіп ғана қоймай, жергілікті биліктің ықпалымен осы түйінді тарқату. Ауылдық жерлерде мал бағып, егін егіп күндерін күнелтіп отырған шаруаларды мазалап отырған – мемлекеттік субсидия. Олардың айтуынша қарапайым жанға мемлекеттен берілетін көмекке қол жеткізу өте қиын көрінеді.

20220224 094827.mp4.Still005

“Бордақылау мәселесі бойынша субсидия алдым. Кредитті 17 пайызбен беріп, 9 пайызын өзім төлеп, қалғанын субсидиялайды деді. Жылдың қаңтар айында берілді, ақпан айын төлеп, наурызға келіп қалдық. Үкімет тарапынан ештеңе бөлінген жоқ. Субсидия деген аты болды, бірақ екінші айға келіп өзім төлеп отырмын. Хабарлассам акиматтан ештеңе бөлінген жоқ деп жауап береді”,- дейді жеке кәсіпкер Нұрыш Сейітов.

Қарапайым мысал ретінде былтырғы субсидия дауы еске түседі. 2020 жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратының алдында малшылар жиналған болатын. Басты уәж порталға салынған субсидияның 730 миллион қаржысы қас қағым сәтте жоқ болып кетуі. Бір қызығы бөлінген көмектің көп мөлшері бір ауданға кетіпті. Жиналған малшылар қауымы құжаттарын тіркей алмай жатқанда Шиелі ауданының шаруалары емін-еркін қаражатқа қол жеткізген. Айта кетейік, субсидияға сәйкес сол кезде бір  ірі қара малға 30 мың,ал уақ малға 5 мың теңге қаражат қарастырылған еді.

20220224 094827.mp4.Still004

“Өзім өткен жылға жем-шөпке деген қаражатымды әлі алған жоқпын. Шетелден келген малдарға алатын инвестор субсидия ол төленбей тұр. Ақша жоқ деп, резервте тұр. Қыста әбден әбігер көрдік жем-шөптен. Малымызды саттық. Сол субсидияны алғанымызда, малдарды қыстан алып шығуға көмектесер еді”,- деп Сейтбек шаруа қожалығының атқарушы директоры Батырбек Арыстанов өкпесін айтты.

Субсидиядан бөлек қуаңшылық мәселесі де сөз етілді. Мамандардың айтуынша Қазақстанның  су жүйелерінің  88 пайызы каналдарға тәуелді. Шаруалардың пайымдауынша су жүйесін үнемдеуге байланысты үкімет сөз қозғап отқан жоқ көрінеді. Алмасбек Садырбаевтың айтуы бойынша, жергілікті әкімшілікке суармалы жүйені тамшылап қолдану, су жүйесін жақсарту, үнемдеу, жаңа технологияларды енгізу секілді жобаларды қолға алу керек.

20220224 094827.mp4.Still003

“Қызылорда өңірінде су тапшылығы деген жылдан жылға күрт асады. Сарапшы мамандардың жоспарлауынша былтырғы жылға қарағанда, ауа-райының қолайсыздығынан, жауын-шашын болмағандықтан 30-40 пайызға былтырғыдан қиын болады дейді. Соны мына шаруаларға естірту керек. Қазақтың жеріне келген периоды 12 жылдық екен. Біз 4-5 жылына келіп жатырмыз. Сондықтан бұл әлі үдеу процесінде”,- дейді Алмасбек Садырбаев SHOPAN ATA Қазақстан Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы төрағасы.

Бұл мәселеге байланысты Қызылорда облысының әкімі халықтан үміт үзбеуді сұрады. Аймақ басшысының айтуынша, үкімет су тапшылығын болдыртпауға барлық іс-шараларды қолданады.

20220224 094827.mp4.Still002

“Биылғы жылда судың аз болуы болжануда. Судың аз болуына байланысты үкіметке де, президентке де барып қайттым. Осы мәселені ең үлкен проблема ретінде егжей-тегжейлі баяндап бердім. Үкіметтің шешіміне байланысты биыл 3,7 миллиард судың аздығына байланысты бөлінетін болды. Қолымыздан келетін мәселерді жасау үшін. Мысалға: скважиналарды қазу, каналдарды тазарту, судың оңай жүруіне жағдай жасау бойынша сіздермен бірге жұмыс жасаймын”,- деп Гүлшара Әбдіқалықова халыққа жауап берді. 

Әкімнің айтуы бойынша, судың тапшылығы Қазалы және Жаңақорған аудандарында қатты байқалады екен. Жаңақорған ауданында магистралды каналдары жоғары болғандықтан, дариядан суды тасымалдау өте қиын болса, Қазалы ауданы дарияның төмен ағысында орналасқандықтан сумен қамтамасыз етуден қиындықтар тудыруда.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x