Қолдан жасалған қымбатшылық!

01

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның сайлауалды бағдарламасының “Әділдік” атты екінші тұғырнамасын жүзеге асыру мақсатында “Әділдік Жолы” республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғаны баршаға мәлім. Бірлестіктің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою болып табылады. Осы міндеттерді іске асыру шеңберінде қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облысы бойынша филиалы goszakup.gov.kz порталына мониторинг жүргізді. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсаудың орына кебір мекемелер заң бұзушылықтарға жол берген.

Осы графикадан ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің “Мемлекеттік радиожиілік қызметі” Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны, Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті “бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы “Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрық талаптарын сақтамағанын байқауға болады. Себебі министрлікпен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген. Оларға қосылған құн салығын ескере отырып, бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай мөлшерде белгіленген:

1) АИ маркалы бензин-80 – литріне 89 теңге;

2) АИ-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге;

3) АИ-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге;

4) АИ-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге.

5) Қызылорда облысында дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – литріне 230 теңге.

Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтар айында “Бәйтерек ” Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны ” АҚ бензин “АИ-92” литріне 191,96 теңгеден 4 021 041,79 теңгеге сатып алуға № 11 өтінімдер қабылдауды жариялағаны анықталды.

Жоғарыда аталған заң бұзушылықтардың барлығын ескерген “Әділдік жолы” тиісті мекемелер мен құзырлы органдарға хат жолдаған. Қоғамдық бірлестік алдағы уақытта да осы салада өз жұмысын жалғастырмақ.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x