Уәдеден шаршаған тұрғындар

WhatsApp Image 2022 02 14 at 17.56.35 1

Қызылорда қаласының Бәйтерек мөлтек ауданының тұрғындары айналмалы жолдан шаршап отыр. Ауданның шет жағында тұратын жұрт  үйімізге жету үшін 10 шақырым жолды айналуымыз керек деп налиды. Тұрғындар жергілікті биліктен көпір сұрағалы бірнеше жыл болыпты. Алайда әзірге еш нәтижесіз.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 17.57.36

Қызылорда қаласында жер кезегінде тұрған жандардың саның азайтпай болған атқа мінер басшылар 2016 жылы Досан ауылының маңынан жер кезегінде тұрған 5 мың халыққа жер табыстап, жаңа мөлтек ауданға “Бәйтерек” деген ат берді.  Инфрақұрылымы дайын деген жерге қуанған қызылордалықтар үйлерін сала бастады. Алайда, игіліктердің тең жартысы тек уәде жүзінде қалды дейді Бәйтеректіктер. Қазіргі ең маңызды мәселе ол -жолдың нашарлығы, көпірдің жоқтығы екен.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 17.57.36 1  

– Мөлтек ауданға кіріп шығу тек Қарауылтөбе және Досан ауылдары жағынан ашылған. Үйімізге бару үшін күніне 10 км шақырым жол жүреміз. Жол нашар, тастар жұдырықтан жоғары дәу. Көлікпен жүргеннің өзінде қиыншылық туғызады. Бес жылдан бері петиция жинап, акиматқа арыз жазылып жатыр, бірақ ешқандай нәтиже жоқ”- деп Бәйтерек ауданының тұрғыны Асхат Баймбетов наразылығын білдірді.

Бес жыл бұрын тұрғындар жеңіл автокөлік көпірін салып беру өтінішін қала әкімдігіне жазған екен. Жыл сайын барып мәселені еске салғанымен, нәтиже жоқтың қасы дейді Бәйтерек жұрты. Мәселенің мән-жайын жауапты басшылардан біліп көрдік.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 17.50.44

– Бәйтерек тұрғын ауданына көпір салу мақсатында 2021 жылы қалалық бюджеттен 16,4 млн. теңге бөлініп, “АлматыДорПрект” ЖШС-мен келісі шарт жасалып, жоба сметалық құны әзірленді. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін ұсынылды. Осыған орай, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы сұралатын болады.- деді Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов. 

 Тұрғындарды мазалайтын тағы бір мәселе ол – кәріз жүйесі. Олардың пайымдауынша, үкімет тарапынан қомақты қаржы бөлінгенімен, кәріз дұрыс жұмыс жасамайды және қолдану мүмкін емес. Халықтың жартысы үй салып қойғанымен, жол қиындығына байланысты қалада пәтер жалдап тұруда. 

WhatsApp Image 2022 02 14 at 17.57.35

– Бізде көпір жоқ екені белгілі ғой. Нәлібаев қала әкімі кезінде акиматқа барып, шағымдандық. Уәдесі бар еді, кетіп қалды. Бес жылда ешнәрсе өзгерген жоқ. Жолдан, көпірден хабар жоқ. Сөзіміз ешкімге өтпейді. Егер біздің ауданда басшылар құрамынан адамдар тұратын болса, жағдай жақсы болар еді ғой”- деп өз пікірімен Жолаев Әбшәкір бөлісті.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Байтерек мөлтек ауданында кіре беріс жолына ұзындығы 2,5 шақырым болатын орташа жөндеу,  екінші кіре беріс жолға 5 шақырым болатын орташа жөндеу жүргізілмек. Жолдың нашар болуына байланысты мұнда жедел жәрдем көлігінің келуі қиынға соғады екен. Тұрғындар жергілікті билік өкілдері тұрғын ауданның бастапқы көшелерін ғана жөндеп қоймай, арғы шеткі көшелерге де жұмыстар атқарса дейді.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Инкогнито
Инкогнито
2 years ago

Осы қазір финпол деген бар ма? Бар болса неге тексермейді мемлекеттен қанша қаржы құйылды? Неге халық үшін жағдай жасалмаған. Неге нәтиже жоқ?

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x