Төраға кетсін!

00020.MTS .Still002

Бұл Қызылорда облысы Тұрмағамбет ауылы тұрғындарының талабы. Олардың айтуларынша мемлекеттен 49 жылға жалға берілген егістік жерлерден шаруалар осы күнге дейін мардымды пайда көрмепті. Ауылда 3 мыңға жуық гектар жерге жылда күріш егіледі. Шаруа қожалықта жұмыс жасайтын жандар еңбекақы мардымсыз дегенді алға тартады. 

00020.MTS .Still003

Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағамбет ауылында 2 мыңнан астам халық тұрады. Егін егіп, нәпақаларын тауып отырған ауыл тұрғындарының айтуларынша егіннен берілетін үстемақы аз көрінеді. 2021 жылдан бастап егіннен ауыл тұрғынына жер үлестерінен тек 25 келі ақ күріш беріледі екен. Ал бұған дейін тіпті бұл көрсетікш 6,5 келі болыпты.  Мұны шаруалар тым аз, осының салдарынан ауылда күні көріс деңгейі тым нашарлады дейді.

00081.MTS .Still001

– Дивиденд дегенді басқа жерде ойбай миллиондап алады дейді. Біз ондай нәрсені білмейміз. Бар көріп баққанымыз, бар тапқанымыз бастапқыда 2-3 жыл 6,5 келіден күрші берді. Сосын былтыр ғана 25 келі ол да 25-келілік 50 емес – дейді Жадыра Ақшалова, Тұрмағамбет ауылының тұрғыны

00081.MTS .Still002

– Жас семьялар жүр. Жас балалар қаңғып кетті.  Өз балаларымыз Атырауда жұмыс істеп жатыр вахтамен. Жастар істер еді ғой жақсы айлық болып тұрса, ауыл көркейер еді. Қазіргі таңда нашар халықтың жағдайы шынына келгенде – дейді осы ауылдың тағы бір тұрғыны Қуаныш Ержақов.

00020.MTS .Still001

Диқандардың шақыртуымен Тұрмағамбет ауылына келген қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан  бұл проблема қазір бүкіл Қазақстанда орын алып отыр дегенді айтады. Жер даулары Батыс Қазақстанда, Ақмола мен Алматы облыстарында да өзекті екен.

00081.MTS .Still003

-Кез-келген облысқа барсаңыз осындай ахуал.Ауылшаруашылығы министрлігінен, жергілікті облыс әкімдігінен, прокуратурадан осы ауылға арнайы адамдар келіп, түгел құжаттарды тексеру керек – деп қорытындылады өз сөзін Мұхтар Тайжан, қоғам белсендісі.

Директор өз орнын босатсын деген Тұрмағамбеттіктер ауылдың орталығында жиналды. Диқандардың аудандық ауылшаруашылық бөлімінен алған ақпаратына сай шаруақожалықтың пайдасы мардымды болуы тиіс екен.

00081.MTS .Still004

– Соңғы 10 жылдың мәліметін берді, 50 центнерден кем емес өнім алған, күрішпен айналысатын үлкен мекемелер айтады өнім 30 центнерден болған кезде барлық расходтар жабылады. Оның ішінде тұқымы, саляркасы, жұмысшылардың еңбегі. Сонда үстінен алған 20 центнер қалады ғой гектарынан – дейді Бекарыс Арыстанов, Тұрмағамбет ауылының тумасы

Ал шаруа қожалықтың директоры болса мұнымен келіспей отыр. Дивидендті беріп жатырмыз деген басшы мұнан да басқа ауыл тұрғындарына көмегіміз бар дейді.

00081.MTS .Still005

– Дивиденд уақытылы таратылып тұр. Әр отбасыға 100 престен шөп тегін таратылады. Бағасы 1000-1500 жоңышқаны 250 ден беріп жатырмыз. Әр отбасыға 6-7 қаптан күріш беріледі, кейбір 10-15 семьясына байланысты қап ақ күріш таратылады. Егер мен дұрыс болмасам ол кезде мені ел мына кісілер-ақ демал, балам айналайын, осы уақытқа дейін істедін деп шығарып салады ғой. Мен өзім-ақ кетіп қаламын -деді Нұржан Пірмантаев, “Тұрмағамбет” ЖШС директоры

00081.MTS .Still006

– Бізге елдің бірлігі қажет, ауызбіршілік керек, тыныштық керек. Бөлінгенді бөрі жиді дейді. Көктемнің бір күні жылға азық деген емес па? Жұмыс жасау керек – дейді Жарылқасын Дәулетов, Тұрмағамбет ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы .

КСМ: Кез-келген кезде орнымды босатуға дайынмын деген директор осылайша жиналғандардың пікірімен келіспейтіндігін жеткізді. Бүгін-ертең егін науқаны басталу тиіс. Шаруа қожалықтағылар  дәл осындай ауылда жаға жыртыс бола берсе күріш өнімін тиісті деңгейде ала алмаймыз деген болжамдарын жасырмады.  

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x