Инвестиция тартуда Қызылорда облысы көш соңында

11590 1619205140 m

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен штаб отырысында инвестициялар тарту бойынша 2021 жылы нысаналы индикаторлардың орындалу қорытындысы және 2022 жылға арналған жоспарлар қаралды деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Премьер министрдің сайтында  2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 трлн теңгені құрағаны жазылған. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3%-ға артық. Инвестициялар өсімінің негізгі локомотивтері экономиканың шикізаттық емес секторлары болды. Мәселен, инвестициялардың нақты көлем индекстері өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есе, құрылыста 1,2 есе, ауыл шаруашылығында 1,3 есе өсті. Осылайша Республика бойынша негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша жылдық жоспар 94%-ға орындалды. Көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрған Шымкент қаласы, Ақтөбе және Қостанай облыстары.Ал ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан пен Қызылорда облыстарында тіркелді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша аталған екі өңір әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

«Көш соңында қалған өңірлер белгіленген KPI қатаң сақтау қажеттігіне назар аударуы тиіс. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбегені үшін әкімдерге дербес жауапкершілік жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырсын», — деді ҚР Премьер Министрі Әлихан Смайылов.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x