Зағип жандардың мұңы

112174

Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігінен айырылды. Тегін жүрмек түгілі көп жағдайға таяқ ұстаған жолаушыны көрген автобус жүргізушілері тоқтамай кетеді екен. Өзге қалаларда зағип жандарға жағдай жасалғанын ескерген Қызылордалық мүгедектер жергілікті биліктен осы мәселеге көңіл аударуын талап етеді.

Қызылорда қаласында көру қабілетінен айырылған 500 ден астам жан бар. І,ІІ-топ мүгедектері қала ішінде автобусқа міну өте қиын деп налиды. Ал, он күн бұрын “үкіметтен жәрдемақы аласыңдар” деген қоғамдық көлік иелері мүгедектердің тегін жүру жеңілдігін сызып тастапты.

00000.MTS .Still001 1

– Әлеуметтік жәрдемақы үстінен қосылған 2000-3000 теңгеге жағдайымыз жақсарған  жоқ. “Біздің қалада тегін жолақыны 2018 жылы да алып тастады, сосын қайта қосты. Қалған өңірлерде автобуста жүру тегін. Бізде мүгедектер көп емес, күніне 5-6 мүгедекті тасыса олар кеміп қалмайды ғой”,- деп шағымданды Әбубәкір Дүйсенбек, “Қазақ соқырлар қоғамы” өндіріс кәсіпорын мекемесі басшысы.

00000.MTS .Still002

Мүмкіндігі шектеулі жандар жолақыдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көліктің жүргізушілері мен кондукторлары қысым көрсететінін де жасырмады.

– Мүгедектігімді растайтын билетті көрсетсем де, меннен толық төлемақыны сұрап, тасымалдаушы кәмелетке толмаған қызымның қолын қайырып, көліктен түсіріп тастады”,- деді ІІ-топ мүгедегі Кан Кирилл.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің басшысы Бауыржан Оспановтың айтуынша көліктегі тегін жолақының тоқтауы рас және бұл мәселенің шешу жолдары қазіргі таңда қарастырылып жатыр екен.

 

00000.MTS .Still003

– Бізге мүмкіндігі шектеулі жандар осы мәселе бойынша келіп, шағымданып жатыр. Оларда туындаған сұрақтарды “Тең Қоғам” бірлестігінде көтеріп, зағип жандарды қабылдап, мәселені бір жақты қылуға тырысып жатырмыз”,- деп қорытындылады өз сөзін Бауыржан Оспанов.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x