Жазықсыз тұрғындар босатылсын!

WhatsApp Image 2022 02 16 at 14.27.28 1

Ағымдағы жылдың қаңтар айында орын алған бейбіт шерулердің соңы жаппай тәртіпсіздіктерге айналғаны баршаға мәлім.  Қызылордада орын алған тәртіпсіздіктерге қатысы бар 256 қызылордалық әкімшілік қамаққа алынған болатын. Қаңтар оқиғасын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның пайымдауынша, жауапқа тартылғандардың арасында кінәсіз азаматтар да жетерлік екен. Әділдікке қол жеткіземіз деген белсенділер бүгін Қызылорда қаласының Достық үйінде бас қосты.

Болған іс-шараның басты мақсаты қамауға алынған кінәсіз азаматтардың ісін қарастырып, халықты алаңдатқан мәселенің шешімін табу.

WhatsApp Image 2022 02 16 at 14.27.26

Ешқандай экстремистік, ланкестік, терроризммен Қызылорданың бірде-бір азаматы сотталуға, айыпталуға тиісті емес деп есептеймін. Халықтың өмірлерін қор етуге, ананы жылатып, ата-ананы зарлатып, балдарды жетім етуге ешкімнің хақысы жоқ,- деді Қаңтар оқиғасын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның басшысы Рысбек Сәрсенбаев.

WhatsApp Image 2022 02 16 at 14.27.27 1

11 қаңтар күні жолдасымды өзінің жеке автокөлігімен полиция қызметкерлері тоқтатып, көліктен схемалар табылды деп айыптайды. Одан кейін жолдасымды 72 сағат тергеу уақытында қинап, азаптайды. Менің жолдасыма байланысты іс әділ жүріп жатқан жоқ. Сол жағдайға байланысты шағымдануға келіп отырмын”,- деп Бедембаева Жанна наразылығын білдірді.

Іс-шараға келіп қатысқан адамдардың тағдыры ұқсас. Кінәсіз тергеуге алынған адамдардың біреуі отбасын асыраушы, біреуі үйдің жалғыз баласы, біреуі науқас анасын бағып отқан ер бала.

WhatsApp Image 2022 02 16 at 14.29.14

Балам Магнумның қасындағы кондитерскийде жұмыс жасайды. Сол күні жұмыстан шығар уақытында митинг басталып, үйге қайтар кезінде бейнежазбаға түсіп қалған. Сол іс бойынша түнгі 1 де үйге адамдар келіп, баламды алып кетті,- дейді Балымбетова Ағима.

WhatsApp Image 2022 02 16 at 14.27.27

Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасы Мақсат Қазиевтің айтуы бойынша, қаңтар айында өткен заңсыз митингке қатысқаны үшін 131 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 252 адам ұсталған екен. Оның 256-і әкімшілік қамаққа алынып, 59-на айыппұл, 68-не ескерту берілген. Тергеу құпиясына байланысты прокурорлар қандай да бір басқа ақпараттарды жарияламай отыр.

Тәуелсіз комиссияның алдағы уақытта жұмысы жетерлік. Бар мақсатымыз халықтың еңсесін көтеру деген белсенділер жергілікті құзырлы органдарға өз талаптарын қойды.

20220217 121743.mp4.Still001

– Егер осы біздің талабымызды, біздің комиссиямыздың шешімін мына отырған жігіттер шешпейтін болса жергілікті прокуратурасы бар, антикоры бар, ДВД-сы бар онда біз сенімсіздік танытып, басшыларына хабар береміз. Біздің аузымызды ешкім жаба алмайды. Біз айтамыз шындықты. Егер мына жердегі жазықсыз азаматтарды босатпайтын болса – дейді Балташ Тұрсынбаев, Қаңтар оқиғасын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның мүшесі.

Автор: Мадина Абитова

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x