Жазасын өтеуші өз-өзіне қол жұмсамақ болды

00007.MTS .Still001

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК 169/5 мекемесінде жазасын өтеуші наразылық білдіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болды. 1988 жылы туылған Ержан Елшібаев өзінің ішінің кіндік тұсынан тереңдігі шамамен 1-2 см сым тәріздес зат тығып, дене жарақатын салған. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің әкімшілігі жазасын өтеуші арыз шағымы барын ауызша, оқиға орын алғаннан соң айтты деп отыр. Аталған дерек бейнежетонға түсірілді дейді қызметкерлер. Орын алған дерек бойынша 103 пен 102 телефонына хабарланып, медициналық көмек көрсетілген.

Айта кетейік, Ержан Елшібаев Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық №2 сотының үкімімен 5 жылға сотталған.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x