Біздің де өмір сүргіміз келеді...

00001.MTS .Still006

“Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігіне  Қызылорда облыстық онкология орталығының науқастары арызданды. Айтуларынша жақын арада ауруханада өмірлеріне аса қажетті  ем-домдар тоқталуы мүмкін екен. Елімізде ерекше қорғалу құқықтары бар бұл санаттағы сырқаты бар азаматтар бұл жағдайға денсаулық министрін кінәлап отыр. Өткен жылдың  19-қарашасында ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің  №120-шы және 30 қарашасындағы  №170 бұйрықтарына сәйкес 2 санаттағы ауруды қоспағанда таргентті және барлық емделушілерден иммундық терапияны кепілді медициналық көмек санатынан алып тастаған! Ал емдеу протоколдарына сәйкес бұл ем-шаралары қатерлі ісіктің үлкен көлемді болған және метастазалық үлкеюлер орын алғанда тағайындалса керек. Ақ халаттылар мұны растап отыр, ертеңгі күні онкологиялық орталықта қажетті дәрі-дәрмектің қоры таусылған соң рак ауруына шалдыққандар барлық дәріні өз ақшаларына алуға тиіс екен.

00001.MTS .Still005

Рүстембек Шембеков қатерлі ісікке шалдыққанына 7 жыл болыпты. Аурудың асқынуына байланысты зейнеткердің бір бүйрегін отамен алып тастаған. Соған қарамастан ісік тарқамай, әрі қарай ұлғая түсіпті. Қазіргі кезде науқас онкологиялық орталықта таргентті ем алуда. Ақсақал тиісті емін дұрыс ала аламай отырғанын жасырмады. Ал ертеңгі күні мұның барлығы ақылы болса жағдай мүлдем қиын болады дейді.

WhatsApp Image 2022 02 23 at 15.10.37

– Препаттар өте қымбат. Маған айына где-то 4,5 млн ақша осы екі препаратқа жұмсалады екен. Оны түсінемін енді, бірақ мен оны өз қалтамнан ол ақшаны өзім зейнеткер болсам ондай ақшаны табалмаймын. Зейнетке шыққан үлкен адамдар кете берсін демесе бізге енді көмектессін  деп сұраймыз – дейді Рүстембек Шембеков.

Онкологиялық орталықта жатқан науқастардың оқиғалары бір-біріне ұқсақ. Зейнеткерлер ғана емес мұндай қаражатты қарапайым орта  жастағылар да көтере алмайды дейді олар.

00001.MTS .Still001

– Мұғалім ретінде бұл сумманы мен көтере алмаймын. Егер мемлекет приказбен шығарса мен қай жаққа баратынымды да білмеймін. 6 млн түгілі простой миллионды да көтере алмаймын – дейді қызылордалық Ұлман Асқарова.

00001.MTS .Still002

– Бұлай жасауға болмайды ғой. Қызылорда облысы үлкен облыс екенін ескеру керек. Аралымыз тағы бар, экологиялық аймақ болып есептелеміз. Ауруханалар науқастарға толы. Отадан кейін иммундық терапия жүргізілмесе барлығы бекер. Еш ем қонбайды. Мемлекеттен көмек қажет бізге -дейді екінші науқас Любовь Брешкина.

Мәселенің күрделі екенін дәрігерлер де растап отыр. Қазіргі таңда министрліктің бұйрығынан аса алмай отырмыз, науқастарға іштегі бар қордан дәрі-дәрмекті беріп отырмыз дейді ақхалаттылар.

00001.MTS .Still003

– Біз қазір 2021 жылдың 19 қарашасындағы тарифтерге қатысты бұйрыққа сәйкес жұмыс жасап жатырмыз. Ол жерде өкінішке орай таргенттік терапия қаралмаған. Тек екі жағдайға: сүт безінің қатерлі ісігі мен әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің қатерлі ісі бойынша дәрі-дәрмек қаралған. Ал қалған он түріне қаралмаған. Имуннотерапия болса мүлдем жазылмаған – дейді Дмитрий Хегай, Қызылорда облыстық онкология орталығы директорының орынбасары.

Онколог-дәрігерлер жақын арада бұл мәселе шешімін таппаса науқастарға дәрі-дәрмекті өз қаражаттарына сатып алудан басқа амал қалмайтынын жасырмады. Қазіргі таңа Денсаулық сақтау министрлігініде бұл мәселе қаралу үстінде екен. Айта кетейік Қызылорда облысында қатерлі ісік диагнозына шалдыққан 4721 науқас тіркелген екен. Оның мыңнан астамы тек былтырғы жылы тіркеліпті. Жаман аурудан былтырғы жылдың өзінде аймақта 426 адам бақилық болған. “Әділдік жолы” Республикалық Қоғамдық бірлестігі болса бұл жағдайды қатаң бақылауға алып, заңға өзгерістер енгізілуіне бар күшімізді саламыз деп отыр.

Автор: Жанғали Ысқақ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x