Балықтардың жаппай қырылуы

WhatsApp Image 2022 02 21 at 16.04.23

Қызылорда облысы Арал ауданы, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына Сырдария өзенінен су алатын каналдың бойында ағымдағы жылдың 18 ақпан күні орын алған балық шабақтарының қырылуы фактісі тіркелді. Мамандардың айтуынша оның басты себебі оттегінің жетіспеушілігі.

Бұл туралы бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуде Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инпекциясы басшысының міндетін атқарушысы Жанқожа Сапаров брифинг өткізді. 2022 жылғы 19 ақпан күні балықтардың жаппай қырылу қатеріне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, құзырлы органдар зерделеу жұмыстарын жүргізді. 

– Бөген ауылдық округінің ветеринария пункті балықтан және  Қызылорда облыстық экология департаменті су сынамасын сараптама жүргізу үшін алған. Сараптама нәтижесі анықталған соң, қосымша ақпарат жарияланатын болады. Балықтардың тіршілік ету жағдайына және балық ресурстарын сақтап қалу мақсатында, жергілікті артқарушы органдармен оттегі беру үшін ойықтар жасау жұмыстары жүргізілуде,- дейді Жанқожа Сапаров.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x