Асқазаннан табылған 1 келі шаш

WhatsApp Image 2022 02 04 at 15.58.21

Қызылордалық дәрігерлер 4 жасар қыздың асқазанынан 1 келіге жуық шаш алды. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөліміне  науқастанған балаусаны анасы әкеліпті. Айтуынша баланың соңғы күндері тәбеті қашып, іші ауырып, мазасы кеткен екен. Компьютерлік томография жасаған ақ халаттылар “трихобезоар безін” анықтапты.

– Операциялық дайындық жүргізіліп, операция жасалды. Асқазаннан бөгде дене алынды, 1 кг шаш жиналып қалған. Ұзындығы 34 см, операция сәтті өтті. Ешқандай қиыншылық болған жоқ. Бәрі ойдағыдай шықты. Баланың денсаулығына еш қауіп жоқ. -дейді Қызылорда балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әлімжан Төлегенов.

            Дәрігерлер бұл ауру көп жағдайда анемия ауруына шалдыққан қыз балаларда кездесетіндігін айтады. Жарты жылдың ішінде мұндай ота Қызылордада екінші рет жасалып отыр екен. Ағзада қажетті заттардың жетіспеулігінен кейбір жандар шаш, қыл секілді затзарды жеуді әдетке айналдырады екен. Салмағы 1 келі тартатын шаш асқазанда қысқа уақытта жиналмайды дейді мамандар. Дәрігерлердің сөзін 4 жасар қыздың анасы да растады, сәбиі 1 жасынан осы шаш жеуді әдетке айналдырыпты.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x