"Қазпошта" кассирлері 84 миллион теңге жымқырған ба?

"Қазпошта" кассирлері 84 миллион теңге жымқырған ба?

“Қазпошта” кассирлері 84 миллион теңге мемлекеттік баж салығын жымқырған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

ҚМА Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.

Тергеп-тексеру нәтижесінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін “Қазпошта” АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталды.

“Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді”, – делінген хабарламада.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар