Қазпошта арқылы шетелден есірткі келген

Қазпоштаға шетелден келген қораптан есірткі табылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оқиға Алматы облысындағы Қазпошта бөлімшесінде орын алған. Қорапта аты жөні жазылған адам бұрын есірткі өнімдерін сатып сотталған ер адам болып шыққан.

Жіберушілер есірткіні косметикалық бұйым етіп көрсеткен. Салмағы 777,4 грамм каннабис экстракты (гашиш майы) шыққан.

«Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және тағы басқа заттар табылды», – дейді Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары.

Бүгінде сот шешімімен ер адам қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

konopljina krema za obraz

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

15 − 12 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар