Аптап ыстық салдарынан Мекке қаласына қажылыққа барған 562 адам мерт болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Көз жұмғандардың ішінде 300-ден аса адам Мысырдан келгені анықталған. Сондай-ақ Иорданиядан келген 60 азаматтың да демі үзілгені мәлім болды.
Биыл 1,8 миллионға жуық мұсылман Сауд Арабиясына қажылыққа аттанған. Жергілікті билік өкілдері ыстықтан 2 мыңнан аса адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.