Қазалыда көрісу күні тойланды

431941972 1966791803716322 6029310852173328410 n

Қазалылықтар Амал мерекесін атап өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Наурыз мерекесінің бастауы, жаңа жылдың басы ретінде тойланатын бұл мереке — күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күн.

Атаулы күнге орай Қазалы ауданына қарасты Қашақбай Пірімов ауылында «Татулық достықтың киелі бесігі» атты мерекелік шара өтті. Тағылымды шараға аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Жарылқап пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев қатысып, жиылған қауымды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Амал мейрамының мән-мағынасы мен тарихына, оның құндылықтарына айрықша тоқталып өтті.

Амал мерекесінде Қазалы ауданына қарасты Абай ауылы, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов ауылдарының әжелері қауышып, әдет-ғұрыпқа сай шашу шашты. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынылып, ұлттық спорт түрінен ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүріне негізделген театрландырылған көрініс пен пен концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, халыққа ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

6 − один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар