Яхтадан отшашу атқан қазақстандық туристер орман өртіне себепкер болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оқиға Грекиядағы Гидра аралында болған.
Жергілікті БАҚ-тың ақпаратынша, қарағайлы орманда өрт болып, өрт сөндірушілер мен еріктілер тілсіз жаумен күрескен. Ауадан су шашатын тікұшақ та жіберілген екен.
Гидра аралының мэрі Гиоргос Кукудакис өрт жасаған шетелдіктерді сотқа беретінін мәлімдеген.