Қазақстанда қай салада құқық бұзушылықтар жиі жасалғаны белгілі болды

антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жартыжылдық алқасында хабарланғандай, биылғы жылы агенттік 876 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

“Анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігін пара алу (439 немесе 65%), жымқыру (186 немесе 28%) және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (46 немесе 7%) құрайды. Әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор және құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа көбірек бейім. Қауіпті салалар қатарында білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бар”, – делінген хабарламада.

Басқарма басшысы А.Жұмағали атап өткендей, агенттік сандық емес, сапалық көрсеткіштерге, оның ішінде жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен жасалған қылмыстық әрекеттерді әшкерелеуге қатысты көрсеткіштерге назар аударады.
 
“Анықталған қылмыстарды жасағаны үшін 592 адам сотталды, оның 107-сі – бұрынғы министрлер, вице-министрлер, комитет төрағалары, облыс басшылары”, – деді ведомстводағылар.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать − 10 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар