Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жартыжылдық алқасында хабарланғандай, биылғы жылы агенттік 876 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
«Анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігін пара алу (439 немесе 65%), жымқыру (186 немесе 28%) және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (46 немесе 7%) құрайды. Әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор және құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа көбірек бейім. Қауіпті салалар қатарында білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бар», — делінген хабарламада.