Кәсіпкер әйелдерге қолдау көп

448319078 2024280524634116 3607365085436300125 n

Сыр өңірінде әйелдер кәсіпкерлігінің даму барысын сала мамандары тарқатты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысының бизнес саласында кәсіпкер әйелдердің саны жыл сайын артып келеді. Себебі, өңірде оларға көрсетілетін көмек түрлі жобалар арқылы жүзеге асуда. Мәселен, «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» жобасы аясында кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері іскер әйелдерге кеңес беріп, олардың қажеттілігін анықтайды. Бұл бағдарлама әйелдер қауымының кәсіп көкжиегін кеңейтуіне мол мүмкіндік береді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына жауапты сала мамандары өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытындағы ой-пікірлерін ортаға салды.

– Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға қаржылай емес қолдау көрсетеді. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» жобасы бойынша өткен жылы 402 азаматшаға тиісті кеңес берілді. Ал, кәсіптік оқыту аясында 107 әйел білімін жетілдірсе, 13 әйел тәлімгердің қызметін пайдаланды. Сондай-ақ, «Республикалық медициналық академия» ЖШС, ЖК «Тұмар», ЖК «Тәтті әлем», «Ас-кА» ЖШС және «Хадиджа» мектепке дейінгі мемлекеттік емес балабақшасы «Іскерлік шолудан» өтті. Бізде «Бір ауыл – бір өнім» атты жоба бар. Бұл шағын және орта бизнес субъектілеріне және жергілікті шикізат өнім өндіретін кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылады. Оған өңірлік көрмелер өткізу, өнімдер анықтау, өнімнің тауар белгілері мен логтиптерін әзірлеуге жәрдемдесу және аталмыш жоба қатысушыларын оқыту мен маргетингтік қолдау қызметтері кіреді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша өткен жылы Қызылорда қаласында жергілікті шикізаттан өндірілетін өнімдердің көрмесі ұйымдастырылып, 22 өнім өндірушісі қатысып, 3 жеңімпаз анықталды. Бүгінгі таңда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері республикалық және қалалық көрмелерге белсенді қатысуда. Аталған жобаға қатысуға ниетті 38 адам тіркелді. Жоба шілде айында өткізіледі деп жоспарланып отыр, – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары ДӘУРЕН СЕЙТЖАНОВ.

– «Әйелдер микробизнесте» жобасы микробизнестегі Қазақстанның әйелдеріне оқыту және консалтингтік қолдау арқылы кәсіпорынды дамытуға көмектеседі. Бұл бағдарлама бизнестің стратегиялық маркетинг, бизнес стратегиясы, сатуды арттыру, ақпараттық технологиялар, қаржы және оларды есепке алу, қызметкерлерді тарту және ұстап қалу секілді барлық саласын қамтиды. Аталмыш жоба арқылы әйелдер бірнеше мүмкіндікке қол жеткізе алады. «Әйелдер микробизнесте» жобасына бақы сынау үшін қатысушының қызметкерлерінің саны 15-ке жетеуі керек. Сондай-ақ, оның бизнес айналымы 100 млн теңгеден аспау керек. Нәзік жандылардың бизнес бастауы жауаптылыққа, ұқыптылыққа үндейді, – деді ЕҚДБ Қазақстандағы Оңтүстік аймақ бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландыру және дамыту тобының тыңдаушысы МҰРАТ НАРКУЛОВ.

– Осындай бағдарламалардың жиі болғаны дұрыс. Өз кәсібін бастаймын деген қыз-келіншектерге біздің тарапымыздан тиісті қолдаулар үнемі болады. Біз аймақтағы іскер әйелдермен тығыз байланыстамыз. Керек кезінде қолдау беруден де шаршамаймыз. Облыстағы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде қыз-келіншектердің кәсібін жүйелеп, өрге домалатуына қол ұшымды созуға дайынмын. Өңірде кәсіпкер әйелдердің көп болғаны көңіл қуантады, – деді Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы НАТАЛЬЯ МИШУКОВА.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять + четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар