Қалдықсыз өнім өндіретін өндіріс ошағы

447627655 2020918244970344 6862339130156577905 n

Қызылордалық кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасымен кәсіп ашып, табыс табуда. Бір ерекшелігі өндіріс орны қалдықсыз өнім шығарып отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аймақта кәсіпкерлік саласы түрлі жобалар арқылы даму үдерісінде.

Облыста қайтарымсыз грант алып, кәсіп көкжиегін кеңейткен кәсіпкерлердің үлкен шоғыры бар. Солардың бірі Жалағаш ауданындағы қалдықсыз өнім шығаратын «Нұр» қап зауыты. Өндіріс ошағынан бір демде күріш, жем, қоқыс салуға арналған 10 мың дана қап шығарылады. Бүгінде зауыттың жұмысын жүйелеуге 4 адам жұмылдырылған. Кәсіп иесі Асылхан Нұрасыловтың айтуынша, шикізат көршілес Өзбекстан елінен келеді. Ал зауыттың маторы болған алып техника Қытайдан арнайы әкелінген.

Кәсіпкер бұл кәсіпті бастауды көптен бері ойға түйіп жүрген. Ойға алған жұмысынан өнім алып отырған кәсіпккр алдағы уақытта өнімін тек облыс көлемімен ғана шектелмей, шетелге экспорттауды мақсат етіп отыр. Бұл игілікті істің барлығы «Ауыл аманаты» жобасы аясында алған несиенің арқасында жүргізіліп отыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 − одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар