Жол желілерін дамыту мәселелері талқыланды

449954455 778929284428318 1315634133186532520 n

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Көлік министрі Марат Қарабаев қолға алынған жобалар туралы баяндама жасады. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

«Қызылорда облысының аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3580 шақырым. Оның 1014 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 2011 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Биылға республикалық бюджеттен қаржыландыруға 101 жоба ұсынылды. Жол инфрақұрылымын дамытуға 33 млрд. 300 млн. теңге бөлініп, 266 шақырым автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөнделуде», – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Жиында облыс аумағындағы жол салу және қайта жаңғырту жобаларының іске асырылу барысы қаралды. Орындалу мерзімі кешіккендері үшін жауапты тұлғалар тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Қызылорда қаласы, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, биылғы меже – жақсы жағдайдағы жолдар үлесін 92 пайызға жеткізу тапсырылды. Анықталған кемшіліктер шұғыл арада жөнделуі тиіс.

Мұнан бөлек, мәжілісте күн тәртібінен тыс коммуналдық мекемелердің қызметі, қоғамдық тәртіпті сақтау және елді мекендердің санитарлық тазалығы мәселелері қаралып, жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Бұған дейін облыс аумағындағы саябақтарды жаңартудың, оларды көркейту-көгалдандырудың жобасын жасап ұсыну туралы тапсырма берілген болатын. Саябақтарды атына сай саялы орынға айналдыру ісінде шалағайлық басым, жаз ортасы болса да жауаптылар асығар емес. Демалыс маусымында көпшілік жиналатын мұндай орындар таза, жанға жайлы болуы тиіс.

Жаз басталғалы суға кету оқиғалары да жиі тіркелуде. Белгіленбеген орындарға суға түскеннің, судағы қауіпсіздікті сақтамағанның соңы қайғылы жағдайға ұрындыруда. Бұл ретте де құзырлы мекемелер жауапкершілігіне айтылар сын жетерлік.

Кейінгі уақытта қала және аудан орталықтарының, ауылдардың тазалығына қатысты мәселе күн тәртібінен түспей келеді, айналаны күтіп ұстау жөнінде тапсырмалар нақтыланып берілуде. Бірақ кемшіліктер түбегейлі түзетілген жоқ. Бүгінгі жиында жоғарыда аталған кемшіліктерге жол бергені үшін барлық аудан әкімдеріне сөгіс жарияланды.

6 шілде күні Орталық стадиондағы “Қайсар – Жеңіс” командалары арасындағы ойында электр жарығы сөніп қалған. Бұл жағдай көпшілік жиналатын іс-шарадан бұрын желілердің жай-күйін жіті бақыламағандықтан орын алды. Осы кемшілікке жол берген облыстық спорт, дене шынықтыру және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейіловке, «КРЭК» АҚ-ның басшысы Батыржан Қаракөзовке қатаң сөгіс жарияланды.

Оқушылардың суға кетуіне, білім саласында орын алған кемшіліктерге байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановқа да қатаң сөгіс берілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар