Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы білім саласының өзекті мәселелері, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды заңдастыру барысы талқыланды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Аймақ басшысы жекеменшік бөбекжайларының басым көпшілігінің нысаналы мақсаты кәсіпкерлік болып өзгертілгенін атап өтті.
«Аймағымызда қазіргі таңда 460 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. Оның 416-ның немесе 90,4%-ның нысаналы мақсаты кәсіпкерлікке өзгертілген. Қалған 44 балабақшаны рәсімдеу жұмыстары заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс», – деді НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ.
Айта кетейік, нысаналы мақсаты өзгертілмеген балабақшалар Қызылорда қаласында, Жаңақорған мен Жалағаш аудандарында. Сондықтан жауапты тұлғаларға мәселені бақылауға алу тапсырылды.