Жаңақорған ауданында жаңа мектеп ашылды

418737215 676195791368335 6184139282957126486 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарында «МАИ бекеті» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектептің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

419714586 676195814701666 4050669733391536557 n 1

Аймақ басшысы тұрғындарды жаңа білім ордасының пайдалануға берілуімен құттықтап, Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асқан, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде өскелең ұрпақтың болашағы мен игілігі үшін атқарылған істердің ауқымы зор.

419724141 676195974701650 9155323671638393858 n

Жыл басында өздеріңізбен кездесіп, жаңа мектепті табыстағанымызға қуаныштымыз. Білім саласының бюджетін биыл 291 млрд теңгемен бастадық. Бұл қаржы жыл соңына дейін тағы да артады. Салада ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Президент бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 21 мектеп бой көтереді. Бүгін табысталған жаңа білім ошағынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болсын!», – деді Қызылорда облысының әкімі НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

419705647 676196018034979 6862894809421715660 n

Ашылу рәсімінде нысан құрылысын салған мердігер мекеме қызметкерлері мен басталған іске жанашырлығымен, елеулі еңбегімен үлес қосқан кент тұрғындары марапатталды.

Іс-шара соңында қонақтар мектеп ғимаратын аралап көрді.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар