Жалағашта облыс әкімі берген үйлердің сапасы сын көтермейді

WhatsApp Image 2024 01 15 at 17.17.32

Бір ай бұрын Жалағаш кентінде кезекте тұрған жандарға 50 пәтердің кілті табысталған болатын. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жалағаштықтарды құттықтаған еді. Бүгінде тұрғындар сол үйлердің сапасыз салынғандығын айтып налиды. Айтуларынша терезеден жел улеп, бөлмелер көгере бастапты. Ал ауыз суды жаңа үйдің иелері жуынатын бөлемеден ішіп отыр екен, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

MVI 7540.MP4.Still009

Нұрсауле Ахметқалиева 2012 жылы көпбалалы ана санатымен баспана кезегіне тұрған. Сегіз баланың анасы жаңа жыл қарсаңында жаңа үйдің иесі атанатынын естігенде қуанышында шек болмапты. Екі бөлмелі пәтерде бір-екі күн тұрған ол бала-шағасын туыстарының үйіне қайта көшіріпті.

MVI 7540.MP4.Still010

– 75-80-ге дейін көтереміз газды үй жылымайды вообще. Балаларымды ата-енемнің үйіне апарып тастадым, сабақта қазір. Жерге киізге дейін төсеп тастадық сенбесеңіздер. Осының асты барлығы киіз. Үй суық, мұздай. – дейді НҰРСҰЛУ АХМЕТҚАЛИЕВА, ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

MVI 7540.MP4.Still002

Басқа баспаналарда  дәл осындай дейді тұрғындар. Құрылысшылар үйдің төбесін жұқа жауып,  жылу батареяларын орнатқанда тым үнемдеп жіберген деп ашынады. Жаңа пәтердің иелері өз қалталарынан ақша шығарып, қосымша жұмыстарды жүргізіпті.

MVI 7540.MP4.Still007

– Судың радиаторының өзіне 200 мыңның үстінде ақшам кетіп тұр. Жүз елу мыңға RED-ке кірдім, соынмен алдым жетпеді. Еңбекақысы бар 35 мың теңге кіргізіп берген адамның. – дейді МАЙРА ЕСЕТОВА, ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

MVI 7540.MP4.Still003

 

– Туалет сол ертеңіне-ақ бұзылып қалды. Туалетті үш рет жөндеттім. Біреуін ЖКО жөндеді, екеуін өзім ақша беріп жөндеттім. – дейді КҮЛӘШ ЖӘНІБЕКОВА, ЖАЛАҒАШ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ.

MVI 7540.MP4.Still001

Бұл үйлерді жергілікті әкімдіктер мемлекеттік бағдарлама аясында салмай, дайын құрылыс компанияларынан 480 миллион теңгеге сатып алған болып шықты. Құрылыс сапасын тексерген шенеуніктер бастапқыда еш кемшілік таппапты. Ал енді айқай шудан кейін мердігердің кепілдік мерзімі бар дегенді айтады.

MVI 7540.MP4.Still008

-Біз тұрғын үй шартын жасау барысында 2 жылдық оның кепілдеме, яғни гарантиясы бар. Кеткен кемтіктерді сол сатушы яғни бізге тұрғын үйді сатқан азаматтар қалпына келтіріп береді. – дейді ӘЛІБИ БАЙНАХАТОВ, ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Айта кетейік, бұл үйлер Жалағаш ауданында көпбалалы аналар, жетімдер мен мүгедек жандарға берілген еді. Бір қызығы облыс әкімі 15 желтоқсанда ресми шарада тұрғындарға баспана кілттерін табыстаса артынша аудан шенеуніктері кілттерді қайта жинап алыпты. Араға бір аптадай уақыт салып сосын ғана үйлердің құжаттарын қолға берген.  Аудан шенеуніктері алдағы уақытта  құрылысты жүргізген құрылыс компаниялар барлық кемшілікті жояды деп отыр.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар