Итті тепкен мас азаматқа полицейлер самбо әдісін қолданған

FJ2QecSXoAERbjQ

Өйткені спирттік ішімдік ішкен азамат тәртіп сақшыларының бұйырығына бағынбай қойған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қостанай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің подъездінде мас жігіттер өзара әңгімелесіп тұрған. Осы сәтте сол үйде тұратын тұрғындардың бірінің иті жігіттерге бас салып үре бастаған. Ал бұған ашуланып бір азамат үй жануарын аяусыз бір тебеді. Бұл жағдайды иттің егесі видеоға түсіріп алған.

Кейін тұрғын мас жігіттердің әрекетіне шағымданып полицейлер шақырады. Алайда азаматтар келген полицейдің бұйрығына бағынбай, қарсылық танытқан. Осы сәтте тәртіп сақшысы үш жігітке самбо әдісін қолданып, полиция бөлімшесіне алып кеткен.

– Итті тепкен азамат қамауға алынды. Үшеуі де жауапқа тартылды. Жануарға қатыгездік көрсеткен азамат 18 мың теңге айыппұл арқалады. Заңға бағынбағаны және балағат сөздер айтқаны үшін 180 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынды. Тағы екеуі кіреберісте масаң күйде болғаны үшін және сол жерде темекі шеккені үшін жазаланды, – деп жазды Polisia.kz.

Бейне жазбасын azattyq_news_kz инстаграмм парақшасынан көре аласыздар.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар