Ішкі істер министрлігі ескерту жасады

i 1 1placeholder

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қазір елімізде табиғатты қорғау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Сол себептен қоғамдық орынды ластау дерегі тіркелген жағдайда ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 18 460 теңге көлемінде айыппұл салынады, деп мәлімдеді ІІМ.

Ал тазалықты сақтамай, абаттандыру қағидаты сақталмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінен 100 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл көзделген, – деп қосты ведомство.

Акция басталғалы Атырау облысы аумағында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 3 мыңнан астам дерегі, абаттандыру қағидасын бұзудың 700-ден аса дерегі анықталып, құқық қорғау қызметкерлері шара қолданды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

16 + 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар