«Intellecta» интеллектуалды ойынының жеңімпаздары

440749669 1999586713770164 2260362526441936145 n e1715355126133

Білім – шеті жоқ алып мұхит іспеттес. Ол жолда арманыңды адаспай анық табу тек білімге ден қойып, ізденістің ізіне түскен шын мықтылардың ғана қолынан келеді. Ал, қызылордалық өрендер осы тұста өздерінің нағыз білімді жастар екенін еліміздің түкпір-түкпірінде дәлелдеп жүр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында республикалық «Intellecta» интеллектуалды ойынының жеңімпазы атанған «Білім Ыбырай» қоғамдық қорының студенттері қонақ болып, жарыстан алған әсерлері жайында сөз қозғады.

«27 сәуір күні Ақтөбе қаласында республикалық «Мұғалім» жобасының ұйымдастыруымен интеллектуалды сайыс өтті. Бұл сайыста аймақтық кезеңде жеңімпаз атанған Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қаласының студенттерімен бақ сынастық. Нәтижесінде, бірінші орынды қанжығамызға байлап, жеңіспен оралдық. Сондай-ақ, біз тобымызға «Dariya» деген атау бердік. Бұл біздің барлық біліміміздің қосындысы дариядай мөлдір, терең болсын деген мағынада қойдық. Бұл жарыс біз үшін үлкен тәжірибе болды. Осы арқылы «Ыбырай» қоғамдық қорындағы өзге де студенттермен танысып, арамыздағы байланыс нығая түсті. Алдағы уақытта өтетін өзге де жарыстарға бұдан да жоғары деңгейде дайындалып, білім бәсекесінде биіктей түсеміз деген ниеттемін», – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, «Білім Ыбырай» қоғамдық қорының стипендиаты ШӘМІЛ АНАРБАЙ.

«Жалпы, «Intellecta» интеллектуалды сайысы 4 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезең «Isebreaking» деп аталады. Біз мұнда ғылым, кітап, тарих, дәстүр іино және музыка деген алты категория бойынша бақ сынадық. «Master mind» деген атау қойылған екінші кезеңде әр түрлі тақырыптағы 30 блиц-сұраққа 2 минут ішінде жауап берсек, «Expecto patronum» бөлімінде екі химиялық, физикалық эксперимент жасадық. Ал, соңғы кезең «Vabank» деп аталды. Бұл кезеңде де сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, барлық кезең бойынша 4 850 ұпай жинап, жеңіске жеттік. Осылайша, біз болашақ мұғалімдер арасында өткізілген байқаудың алғашқы жеңімпаздары атандық», – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, «Білім Ыбырай» қоғамдық қорының стипендиаты МАДИЯР ДУЗУМБАЙҰЛЫ.

«Білім Ыбырай» қоғамдық қоры республикалық «Мұғалім» деген жоба аясында жүзеге асады. Яғни, бұл жобаның мақсаты – педагогикалық бағытта білім алатын студенттерге қосымша қолдау көрсетіп, мектеп бітіруші үздік түлектерді мұғалім болуға үйрету. Білімге құштар жастардың жолын ашып, оларға үздіксіз қолдау көрсетуде «Білім Ыбырай» қоғамдық қоры аянбай еңбек етіп келеді. Біз студенттерді «Кәсіби даму», «Тұлғалық даму», «Әлеуметтік даму» және «Тіл білімі» деп аталатын 4 бағыт бойынша дамытамыз. Қазіргі таңда қорымызда жалпы 108 студент бар. Олардың 70-ке жуығы 30 мың теңге көлемінде қосымша шәкіртақы алады. Ал, бұл интеллектуалды сайыс «Ыбырайлықтардың» алғашқы жеңісі емес. Біздің шәкірттеріміз қандай да бір жарыстарға қатысса да үнемі жеңіспен оралады»,- деді «Білім Ыбырай» қоғамдық қорының координаторы, менторы АЗАМАТ АБИМОЛДА.

 

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар