458921312 3606448926271612 6582941364103560922 nplaceholder

Халықтық штаб өкілдері «Анаға тағзым» орталығында

АЭС-ті қолдау жөніндегі аймақтық Халықтық штаб өкілдері «Анаға тағзым» орталығында әлеуметік қызмет көрсету саласының мамандарымен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Электр қуатын шамадан тыс пайдалану салдарынан бүгінде халықтың көп шоғырланған жерлерінде электр қуатының тапшылығы сезілуде.

Сәйкесінше жаһандық даму кезеңінде озық технологияларды, шетелдік тәжірибелерді елімізде іске асыру мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр.

«МАГАТЭ» басшысы Рафаэль Гроссидің айтуынша, экономика дамыған сайын энергияға сұраныс артып жатыр. Бірақ атмосфераға зиянды көмірқышқыл газының таралуын айтарлықтай азайту үшін бізге ядролық энергия қажет.

Бірақ жаһандық жылынуды болдырмау үшін 2050 жылдарға қарай жасыл энергияға қол жеткізу маңызды.

Орталықта өткен кездесуде аймақтық Халықтық штаб мүшесі Балжан Шаменова: Бүгінде аймағымыз қарыштап дамуда. Өңірге салынған инвестиция есебінен әлеуметтік орталықтар, Жайлы мектептер салынуда. Сол жағалауда көпбейінді ауруханының құрылысы басталды. Ал осы нысанның барлығына электр қуаты керек. Қарапайым ауыз су мен аяқ суды берудің өзіне жарық қуаты керек. Байқап қарасақ, ұялы телефонымызды да, үйде тұру үшін де, өміріміздің барлық тұсында электр қуаты керек. Қазірде елімізде электр қуаты тапшылығына байланысты біз Қырғызстаннан да электр қуатын сатып алып отырмыз. АЭС құрылысы елдің энергетикалық қуатын арттырудың алғы шарты болмақ,-деді.

Сала өкілдері АЭС жайлы оң пікірлерін білдіріп, жасыл энергияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать + 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар