Ғылымға көңіл бөлсеңіз...

75ced54eaf1c11c6cee112ffd0e4acdb scaled 1

Ғылым күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары БАҚ өкілдеріне брифинг берді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ғылым – дамуды, шыңдауды талап етеді. Ал оған құмартқан әрбір жан өз саласының өзегіне ұмтылып, ізденісін арттырып, биікке бой ұрса әр сала өзінше даму жолына түседі. Бүгінде өңірімізде ілім мен білімді ұштастырып, ілкімді істер атқарып, шәкірт тәрбиелеу жолында жүйелі жұмыстардың басында жүрген ғалымдар да аз емес. Солардың бірі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушылары Гүлзира Оралова мен Анғысын Сейтмұратов. Айтулы мереке қарсаңында мәртебелі мамандық иелері өз саласындағы жұмыстарды баяндап, ойлы әңгіме өрбітті.

Елдің өсіп жетілуі ғылымнан, оқу-білімнен. Ғылымға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы көп көңіл аударып, үлкен қаржы бөлініп жатыр. Бүгінде Қорқыт ата университеті Кореядағы Сеул қаласымен байланыс орнатып, Физика информатика бағытында жемісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қызылорда қаласында физика мектебі ашылып жатыр. Қызылордада ашылып жатқаны біздер үшін үлкен мәртебе. Өз кезегімізде біз де жас буынға білгенімізді үйретіп, ғылымға баулудамыз. Университеттің әлеуеті жақсы. Жастардың да білімге қызығушылығы көңіл қуантады, – деді Анғысын Жасаралұлы.

Бүгінгі мерейлі күні жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Біз қазақ әдебиеті, ұлт әдебиетінің құрамдас бөлігі болып саналатын Сыр әдебиетіне бағыт түзеп, жұмыс атқарып келеміз. Өңірімізге қатысты әдеби мұраларды зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Біздің мақсат – Сыр өңіріндегі киелі жерлерді анықтау, ұлттық құндылық тұрғысында бағалау. Өзіміз зерттеу жұмыстарын жүргізген дүниелерге түрлі талдау жасап, шетел басылымдарына ұсындық. Бүгінде жас зерттеушілердің де қатары көбеюде. Бұл әрине өз кезегінде атқарылған жұмыстың жемісі деп білемін. Ғылымға ұмтылып, салаға бой ұрған барша ғылым қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтаймын, – деді Гүлзира Сапарқызы.

Бөлісу:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар