Есепші мемлекеттік мекемеден 40 миллион теңге ұрлаған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, есепші екі жыл бойы мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырып келген.
“Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған.
Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 миллион теңге болды, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді”, – делінген хабарламада.