Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

447232822 2019791555083013 8012946441546319396 n

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Сыр еліне арнайы жұмыс сапарымен келіп, облыс тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиында ол әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансфорамциялау жайын сөз етіп, мүгедектігі бар азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімжілігін арттыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту мәселелері туралы баяндады. Вице-министр тұрғындармен кездеспес бұрын БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат беріп, саладағы жаңашылдықтарды баяндап берді.

– Сыр өңіріне келген басты себебім – өткен жылғы атқарған жұмыстарымыздың қорытындысы мен жаңа бастамаларды халыққа баяндап, олармен кері байланыста болу. Өздеріңізге мәлім, былтыр 1 шілдеден бастап «Әлеуметтік кодекс» іске қосылды. Облыс тұрғындарын аталған жаңа құжат бойынша осы жарты жылдықта жеткен жетістіктері мен өзгерістерді айтып, оларды ақпараттандыруды көздеп отырмыз. Кодекс енгізілгелі зейнетақы жүйесінде де біраз өзгерістер болды. Базалық зейнетақы мөлшері Мемлекет басшысының Жолдауында берген тапсырмасы аясында енді бірте-бірте артатын болады. Одан бөлек, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға қарай 61 жас болып бекітілді. Оның алдында зейнет жасы жарты жыл сайын кезең-кезеңімен қосылып отырған еді. Ана мен баланы қорғау жүйесінде де біршама өзгерістер бар. Алтын алқа мен күміс алқаға иегер аналарымыздың жәрдемақыларының мөлшері сараланып, бала күтімімен отырған аналар бір жарым жасқа дейін жәрдемақы алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, осы әлеуметтік кодекс аясында мүгедектігі бар азаматтарға қатысты көптеген жүйелі өзгерістер енгізілді, – деді вице-министр НАЗГҮЛ ЕРІКҚЫЗЫ.

Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қызылорда облысының халқымен кездесіп, тұрғындарды жеке мәселесі бойынша жеке қабылдады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

17 + 7 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар